Өлең, жыр, ақындар

Алты алаш

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 707
Ұтылады, ұтады,
Бірге ауаны жұтады.
Ағайыным,
Алты Алаш,
Бір бәйтерек бұтағы.
Өткен өмір — бәрі мұң
Жапырағы — жанымын,
Ағайыным,
Алты Алаш,
Бір Бәйтерек тамырым.
Көктем келсе гүлге енем
Бүршігім мол бүрлеген.
Жайқаламын жел соқса,
Алты Алашпен бірге мен.
Тамырыммен жалғадым
Жапырағым — жан-жағым.
Алты Алаштың арманы,
Менің ұлы арманым.
Бәріне де қанағат,
Ұрпақ саған аманат.
Алты Алаштың туымен
Жиыл жұртым, жамағат!
Бір Құдайым берер деп,
Көз алмаймын сенен көк.
Бұтағымды биіктет,
Тамырымды тереңдет!
Кеңес құрмай —
алқалас,
Шерім
бұлттай тарқамас,
Бір бәйтерек бұтағы,
Ағайыным,
Алты Алаш!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сингапур

  • 0
  • 0

Баударбек-Қожатаев Ерлан Кеңес ұлына
Сингапур бұл, сымбатты жер - жұмақ жер,
Айналасы мөлдір таза бұлақ дер,
Айналасы нұрға тұнған шуақ дер,

Толық

Уа, халайық!

  • 0
  • 0

Уа, халайық!
Тұрыңдар!
Сот келеді!
Жалдауға —

Толық

1932

  • 0
  • 0

«Қаратаудың басынан көш келеді...
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді...»
Көшпелі ата қазақ нар қомында,
Бостандық, кендік аңсап өскен еді.

Толық

Қарап көріңіз