Өлең, жыр, ақындар

Болады дейсің не деуге

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 512
Болады дейсің не деуге,
Жыр жаздым бүгін Медеуде.
Таппадым іштей асыл сөз,
Медеуді неге теңеуге?!
Айтсам бір сырды жасырмай,
Далама қарап асылдай.
Медеу бұл — тал-тал шашы өскен,
Даламның ойлы басындай.
Медеуде түрлі бастар бар,
Бастарда биік асқар бар.
Сан ғасырлар көздері,
Құпия жұмбақтастар бар.
Медеуде өзен ағыс бар,
Озатын толқын жарыс бар.
Рекордтардың Медеуі,
Қазаққа біткен намыс бар.
Жайқала өскен тұнып тал,
Ғажайып сұлу ғұрып бар.
Армандай биік Алатау,
Медеуде үлкен үміт бар.
Үмітпен келдік Медеуге,
Сөз де жетпес теңеуге.
Ғажайып дүние айдала,
Болады бұған не деуге?!
Білмей де қойдым не деуін,
Таппай да қойдым теңеуін.
Үміттің ұлы шыңдары,
Медеуім менің, Медеуім!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Қазақ елі» монументі

  • 0
  • 0

Абылайхан: «Бұл қай ел?» - деп сұрар еді,
Таңғалып Қабанбайлар тұрар еді,
Тіріліп Абай келсе Астанаға,
Ақын ғой, қуаныштан жылар еді!

Толық

Сағат досыма!

  • 0
  • 0

Сенің жаның жайсаң еді, кең еді,
Сол бір кеңдік жүрегіңді емдеді.
Айтатұғын дүниеге, еліңе,
Армандарың, Армандарың көп еді.

Толық

Бейбіт құсы

  • 0
  • 0

Қарлығаштай қиял-арман,
Көкжиектен – қиялардан,
Бейбіт құсым самғай ұшшы,
Балапандай ұялардан.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар