Өлең, жыр, ақындар

Денсаулық қайтып келмейді

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 739
Денсаулық қайтып келмейді,
Ажал айтып келмейді.
Өмірге адам сенсе де,
Өлімге адам сенбейді.
Бір-бірін адам жеңсе де,
Ажалды адам жеңбейді.
Дүниені адам көрсе де,
Өз жүрегін көрмейді.
Біртіндеп өмір өтеді,
Біртіндеп ауру меңдейді.
Бесікте жатқан немерең
Төріңе еркін төрлейді.
Ізіңе ерген інілер,
Сенен де асып өрлейді.
Қия алмай бір күн қоштасып,
Ел-халқың сені жерлейді.
Бір сөнген соң қос жанар,
Енді қайтып көрмейді.
Өмір жолы — ағыста,
Өзен жолын бермейді.
Адам көңілі — құс қанат,
Дүние неткен кең дейді.
Қолын көкке созғандай,
Олай да, бұлай сермейді.
Денсаулық қайтып келмейді,
Ажал айтып келмейді.
Тамырсыз өспес бар әулет,
Бәйтерек дәнсіз өнбейді.
Ұрпағы бар жандарды,
Ажал да мәңгі жеңбейді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көш

  • 0
  • 1

Көш келеді,
Қорқыт бабам қобызы,
Аңызақжел,
құмдар көмген жоқ ізі.

Толық

Көкте күні шуақты

  • 0
  • 0

Көкте күні шуақты,
Бәйтерегі қуатты.
Туған жерге Қазақ пен
Талдар ғана тұрақты!

Толық

Сәулет - өнер

  • 0
  • 0

Ғасырды айтып,
Тастар сөйлеп тұрады,
Жұлдызды айтып,
Аспан сөйлеп тұрады

Толық

Қарап көріңіз