Өлең, жыр, ақындар

Кенесары бабамның басы қайда?

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 751
Кенесары бабамның басы қайда?
Белгі қойған басына тасы қайда?
Қазағымның қыздары қарап қойып,
Тараған арулары шашын айға.
Қағатын құстай шырқап ән қанатын,
Еліме — ырыс-дәулет, дәм қонатын.
Сол арулар әкелген Кенесары,
Қазақдеген халыққа Хан болатын.
Қайда жүрсе Ханымыз Халқым деді,
Халқына: "Қадам басып тарт ілгері".
дегендей салқын жүзбен жүк артатын
Майысып шапқан аттың әр күн белі.
Қайда жүрсе Ханымыз Елім деді,
Еліне Ел болатын сенімді еді.
Кенесары бабамыз таудай түлға,
Даламның Алатаудай төріндегі.
Кдйда жүрсе Ханымыз Жерім деді,
Жұлдыз-айды еншілеп көгіндегі.
Аспанды да біздікі дегендейін,
Үлесін алмақ болды өмірдегі.
Ұрпақтар бір толқыны тасып өтті,
Халқымен бірге шекті қасіретті.
Үлесін алып беріп Ел-халқына,
Сол жолда Ханымыздың басы кетті.
Бірігіп сол бақытқа кел, жетейік,
Жерлейік жер бесікке тербетейік.
Кенесары бабамның басы қайда,
Басын тауып өмірге белгі етейік.
Көргенмен елдің жайын байқап алғаш,
Дұшпан да күнә артып айта да алмас.
Хан басын кеудесіне табыс етсек,
Бассыздық басымыздан қайталанбас.
Жер жоқтай жауың қоршап қамалатын,
Өткеннің жерге көміп жаманатын.
Домалап ұрпақтардың басы қалмас,
Орындай алсақ бабам аманатын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағы да сүй, тағы да

  • 0
  • 0

Тағы да сүй, тағы да,
Жаралғандай бағыма,
Көзіңнің қара-ағына,
Қараймын, жаным, сағына.

Толық

Бала жайлы баллада

  • 0
  • 0

Дүние төңкеріліп табан асты,
Аспан — Жер астан-кестен араласты.
Қапыда құдай құрып, қара басты,
Үйінен безіп шығып жас келіншек,

Толық

Үміт үзбес тіршілікке не дерсің

  • 0
  • 0

Үміт үзбес тіршілікке не дерсің,
Тек қашанда көсегесі көгерсін.
Тасты-құмды, асфальт жолдан жем іздеп,
Ертеңіне жерге түсті көгершін.

Толық

Қарап көріңіз