Өлең, жыр, ақындар

Өмірден айналайын Өмір – Анам

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 554
Өмірден айналайын Өмір – Анам,
Бір түрлі неге болсын көңіл алаң.
Құдай берген тіршілік сенің арқаң,
Кездесіп жақсылармен жолыға алам.
Кездесіп қоштасудан тұрады өмір,
Бұралаң тағдырларды бұрады өмір.
Ала құйын дауылдан бұрқ-сарқ етіп
Толқын атып қайтадан тұнады өмір.
Өмірден айналайын, өмір жақсы,
Адамдарға адамдық көңіл тапшы.
Өзіне өзгеге де түсініксіз
Тірлікте ғұмыр кешер не бір бақсы.
Құдай берген жандардың бағы қолда
Келеді сапар кешіп жаны жолда.
Кездесіп қоштасудан жалықпайды,
Адамның ғұмырының мәні сонда.
Өмірден айналайын өмір ғажап
Жүрек – жұмақ, ойласаң көңіл – тозақ.
Бұл дүниеге сенім арт, сезім кешіп
Ақтап алар, ақтайды сенім өзі-ақ.
Тұяғындай тұлпардың дүбірлестім
Бәрі осы қолдан келген ғұмыр кештім.
Өкпелесе өкпе артсын өзіне Адам,
Өкпелей де алмайды өмірге ешкім.
Ай – Күні, Жұлдыз жанған көгіне алаң
Бір құдай берген шығар тегі маған.
Мен мәңгі басымды иіп сүйіп өтем
Өмірден айналайын Өмір – Анам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңаөзен елі болар пір Бекеттің

  • 0
  • 0

Жаңаөзен елі болар пір Бекеттің,
Жаңаөзен елі болар ер Есеттің.
Кішкене сабырлығың қажет еді,
Халқыңа айналайын не көрсеттің?..

Толық

Иран еліндегі төтенше және өкілетті елшісі ӘМІРЕЕВ Бағдат Құлтайұлына арнау жыр

  • 0
  • 0

Көкейіме бір шабыт құйды арманым,
Мен дағы не болар деп қиналғанмын.
Душанбе, фестивальға қатыстым да,
Памирдің бір-бір шыңын сыйға алғанмын.

Толық

Ақын көңіл

  • 0
  • 0

Жүректерді жырмен ашар кілт болып,
Жыр оқысаң — Жер қайысқан жұрт толып,
Найзағайға темекіңді тұтатып,
Нөсерлесең — көкірегіңе бұлт қонып.

Толық

Қарап көріңіз