Өлең, жыр, ақындар

Сырдария

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 762
Шешем МАРИЯШ Өтениязқызына арнаймын

Жеткенше дарияға жолым — жыңғыл,
Жыңғыл да — сұлулығы жерімнің бұл.
Армансыз Ұлы Анамның құшағында,
Мен бүгін СЫРДАРИЯДА шомылдым бір!
Шалғайда жүрген біз де балаңбыз деп,
Туған жер тағдырына алаңбыз деп.
Алатау бауырынан баламды ертіп,
Келіп ем АҚМЕІШТКЕ анамды іздеп.
Анамыз — дария ғой кең арналы,
Анамыз — қария ғой, көп арманы.
Көбірек озғанынан кейін қалып,
Көбірек тапқанынан жоғалтқаны.
Жарқабақты бетке алып сонау бетті,
Шомылып бұл дарияға Бодан да өтті.
Басынан әкеміздің қоныс тепкен,
Ағысты өмір көшіп одан да өтті!
Толғантты мені қолдап тәңір тағы,
Жүрегім — дарияма таңырқады.
СЫР бойымен ақты ғой талай толқын,
СЫР бойынан ақты ғой сан ұрпағы.
Дариям — шежірем ғой ғасыр атты,
Күмістей толқын ырыс шашып ақты.
Бір толқын, бір толқыннан кейін қалып,
Бір толқын, бір толқыннан асып ақты.
Дариям — жүрек қозғап өттің менен,
Ақындық алас ұрып жеттің кемем.
Мен бүгін СЫРДА армансыз шомылдым бір,
Шомылып, ойға батып кеттім терең.
Керегіміз дария-анам керегінде,
Мен енді қайта айналып көремін бе?!
Толқынды алақаны қандай жылы,
Осылай кім сипайды мені өмірде!?
Құсы көп балапанды әр ұяңдай,
Уылдырық шашылған дариямды-ай!
Толқынымен тілдестім үнсіз тұрып,
Кім мені терең ұғар қариямдай.
Үмітім — кеткен емес үзіп менен,
Ойларға шомылуды қызық көрем.
Ақын еткен Дария Анам екен,
Анамның арқасында жүзіп келем!
Толқыны – АРАЛ-СЫРДЫҢ мен келемін,
Таралды Алты Алашқа, елге өлеңім.
Екі бірдей Анамның құшағында,
Ақыны боп Қазақтың тербелемін.
Тілегі таусыла ма тірі адамның,
Тамшыдан теңіз ойды құрағанмын.
Мен бүгін Сырда терең шомылдым бір,
Армансыз құшағында Ұлы Анамның!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шығыс пен батыс

  • 0
  • 0

Шығыстан күн шығады күлім қағып,
Қарайсың ұлы күнге нұрың танып.
Адамзатқа дем берер шарапатты,
Дүниеге тарайды ұлы жарық.

Толық

Өміріңе өкпе артпа

  • 0
  • 0

Көк аспан құсы самғар көңіл деген,
Сөйлеме бойыңнан да төменірек.
Өмірге тақпа кінә, Өмір деген —
Сен ойлар ойлардан да тереңірек!

Толық

Салой

  • 0
  • 0

Салойда болдық Салойда,
Салойда күннің бәрі ойда.
Бағы да болған бұл жұрттың,
Қоныс та болған талайға.

Толық

Қарап көріңіз