Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік монументі

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1807
Еліміздің осы заманғы тәуелсіздігінің бастауындай болған Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументін ашқан кезде туған ой.

Айы туып, жұлдыз,
Күні жанған ЕЛ,
Ата-бабам мәңгі аңсаған арман ЕЛ.
Мәңгі тірі, мәңгі Азатсың, қазағым,
Мұндай ұлы монументті салған ЕЛ.
Ұлы өнер алдына кеп бас ұрдық,
Осындайдан көрінеді асылдық.
Алатаудың мойнына әкеп ілгендей
Азаттықтың бойтұмарын ғасырлық!
Күнім келді ақының боп толғайтын,
Сезім кештім өмірбақи болмайтын.
Қорамсаққа қолды салсаң — үш жебе
Қазағымның тұтастығын қорғайтын.
Жан-жағынан жақсылары қалыспай,
Хан болған соң Азаматым арыстай.
Алтын Адам — ата-бабам көзі бүл,
Кднаттанып жауға шапқан барыстай.
Келер Күнге самғауыма — жыр қанат,
Ескерткішті көрсең көзің нұрланад.
Мен сияқты Алатауым толғанып,
Ескерткішке тебіреніп тұр қарап!
Тауым, Дала, Теңізім де толғатып,
Бір өнерін болашаққа жолдатып,
Қазақ өзі бақ-бірлігін паш етті,
Мұндай Ұлы ескерткішті орнатып.
Тәуелсіздік жол басталды, Тәуекел,
Құлдық деген Адамзаттың жауы екен.
Тәуелсіздік Ескерткіші алдында,
Жаңа туған немеремді тәу етем!
Қақтым қазық қосыл бәлкім, қосылма,
Қызғанатын дұшпаның да, досың да,
Ғасырлардың көзі келіп түйісті,
Ескерткіштің құдіреті осында!
Бауырларша құшақтасып сүйісіп,
Келдік бірге қанымызды құйысып.
Келер ұрпақ қарар бәлкім дәл біздей,
Ескерткіште жанарымыз түйісіп.
Жетті Күнім, жетті қанат талдырып,
Ғасырларға даусым жетер жаңғырып.
Тәуелсіздік ескерткішке ант етем,
Мен — Қазақпын! Мен Азатпын мәңгілік!
Куанғаннан күлерміз де, жылармыз,
Тіп-тік ұшып жете алмайтын шығар құс.
О, Тәңірім, бір өзіңе бас ием,
Қазақ болып туғаныма мың алғыс!
Келешекке құс боп қанат қақты Адам,
Ұлы өнердің мәңгі отын жақты Адам!
Тәуелсіздік монументі алдында,
Қазақ болып туғаныма мақтанам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ желкен

  • 0
  • 0

Айдарынан жел ескен,
Толқынымен тел өскен.
Тағдырымыз табысқан,
Теңіз ұлы емес пе ем?!

Толық

Есіл

  • 0
  • 0

Ақын болып жаратылдым не үшін мен?!
Бүгін алғаш амандастым Есілмен.
Бас иеміз дәл осы бір өзенге,
Келіп жеткен астаналық көшіммен.

Толық

Амансың ба, көзкөрген

  • 0
  • 0

Амансың ба, көзкөрген,
Дүние мынау өзгерген.
Аға ұрпақтар аялдап,
Жас ұрпаққа сөз берген.

Толық

Қарап көріңіз