Өлең, жыр, ақындар

Ақын монологі

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 462
Ұлы Мағжанға

Сезінемін дүние қарбаласын,
Қазағымның сүйемін әр баласын.
Сүймесіңе бола ма әрбір ұрпақ,
Туған халқың – ғұмырын жалғағасын!
Тартып келем тағдырын түрлі азаптың,
Жүрегіне жетсем деп бір Қазақтың.
Қайғыны, қасіретті арқаладым,
Тауқыметтарттым талай, мұңға баттым.
Тартынбай, тағдыр жүгін сал иыққа...
Айналсамдеп Алатау ақиыққа –
Жазсам да жүз өлеңді, бәлкім мен де
Бір өлеңмен қалармын тарихта!
Ол бәлкім – Өмір жайлы Өлең болар,
Аққудай айдын көлге менен қонар.
Сарыарқа сарыбелдің киігіндей,
Дүр етіп жүрегімнен жөнелді олар!
Бір өлең сені күтіп келем енді,
Құдірет сезім күші бөлеп елді,
Ананың ақ сүтіндей уыз дәмді
Мен жазып қалдырамын сол өлеңді!
Ол өлең – не жайында жұмбақ маған,
Дүние тәңірімдей тіл қат маған!
Мен үшін әр қазақтың бағасы артық,
Нарқы артып, әр күн сайын қымбаттаған.
Өлім – хақ, Адам көкті тірегенмен,
Табысып, тоғысатын тілегі елмен.
Мен өлмеймін, өмірде, мен тірімін,
Айтылған, айтылмаған – бір Өлеңмен!
Білемін ғұмыр болмасалда мұнша,
Қағам қанат – қанатым талғанынша,
Мен өлмеймін, өмірде, мен тірімін, –
Жер бетінде бір қазақ қалғанынша!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Поэзия падишасы

  • 0
  • 0

Құдірет жоқ ғаламнан,
Бұл өмірдің бәрі арман,
Поэзия падишасы – лирика,
Құмнан, жерден жаралған!

Толық

Өмірге ғашық болмау мүмкін бе екен?

  • 0
  • 0

Өмірге ғашық болмау мүмкін бе екен?
Бүгін болмас мақсатқа бір күн жетем.
Құрсағыңда жатқан бір перзентіңдей,
Бүйіріңді жер-ана бүлкілдетем.

Толық

Теңізге сәлем

  • 0
  • 0

Бір озып, әрі асқан,
Толқыны таласқан.
Жерорта теңізі,
Көгілдір көк аспан.

Толық

Қарап көріңіз