Өлең, жыр, ақындар

Не нәрсе жұмбақемес дүниеде?

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 363
Не нәрсе жұмбақемес дүниеде?
Мылқау-меңіреузіл-қара
тастарың ба?
Тауларың ба
Мұз қатқан бастарында?
Бұлттарың ба
Дауылмен жөңкілетін?
Найзағайма
Жоқ болар қас қағымда?
Не нарсе жұмбақ емес дүниеде?
Қандарың ба,
Қанға ұқсас гүлдерің бе
Таңдарың ба,
Таңға ұқсас түндеріңбе?
Арманың ба
Ойларды қазып өткен?
Аңдарын ба
Бір-бірін азық еткен?
Не нәрсе жұмбақ емес дүниеде?
Шалқыған мұхит,
теңіз,
көлдерің бе?

Далаң ба,
Құмдарың ба,
шөлдерің бе?
Әлде айтшы құпиясыз дүниеде,
Өмірге келгенің бе,
Өлгенің бе?
Не нәрсе жұмбақ емес дүниеде?
Асыққан таң атуға,
Күн батқалы,
Сауалғаәйтеуір бір
тіл қатқалы.
Дүние мынау менің көз алдымда,
Самсаған жұлдыздардай жұмбақ бәрі
Не нәрсе жұмбақ емес дүниеде?
Тоқтапқап,
Жеткізетін түбі өлімге,
Жұмбақмаған
Өзімнің жүрегім де!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күлкі күні

  • 0
  • 0

Қуаныш, күлкі аулына сенімді күн,
Әзіл-қалжың сыйлайтын көріндігін,
Бірінші Сәуір – Көпеннің күні,
Он бесінші сәуір – менің күнім.

Толық

Астана

  • 0
  • 0

Айналғандай пейіш-жұмақ, баққа да,
Тарихи жер – тұғыр болған таққа да, ей!
Абылайхан ақ туындай – Ақ қала,
Қазағымның бас қаласы-ей, Астана!

Толық

Күндердің күні болғанда

  • 0
  • 0

Күндердің күні болғанда,
Тосқауыл түсіп жолдарға.
Өрт шалғанда орманға,
Бір Құдайға сыйынып,

Толық

Қарап көріңіз