Өлең, жыр, ақындар

Жер – Анамын! сөз алам да бүгін мен

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 562
Жер – Анамын! сөз алам да бүгін мен.
Ақ сүтіңдей ананың, құдіретті тіліңмен,
Қара қылды қақ жарып,
Жарыламын ағынан:
Ұлыларды пір тұтып,
Ұлылардың ұлысы –
Мен Адамға табынам!
Өйткені Адам – ұлы тау, таулардан жерде
кім биік?!
Ойлары шалқар мұхиттай, мұхиттай ойы
тұңғиық.
Жоғарырақ бәрінен
Ұлылығы ендігі:
Бүкіл әлем халқы үшін,
Даламдай дарқан кеңдігі!
Тау – еңселі данышпан, Дала – дарқан
ғұлама,
Мұхит десең тұңғиық ойлар көзде тұна ма?
Қастерлеймін мен сені,
Мәңгі – бақи өлең қып:
Ұлылықтың өлшемі –
Биіктік!
Кеңдік!
Тереңдік!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сол бір көктем

  • 0
  • 0

Еске алып ғажайыптай өткенімді,
Аялап ұшырғандай көкке күнді,
Адасып қалғандай бір аққуымнан,
Мен іздеп кеттім сол бір көктемімді.

Толық

Ғашық жар

  • 0
  • 0

Қыран шыңнан басқа жерге қонбайды,
Адам болсаң тағдыр өзі қолдайды.
«Қыз күнінде бәрі жақсы...» дегенмен,
Тәңір сүйсе, жаман әйел болмайды.

Толық

О, жаратқан басымды ием...

  • 0
  • 0

Адамнан үстем тұрған ғасыр кием,
Жарықтық ата-бабам асыл кием.
Тәңірім, жаратыпсың қазақ етіп,
Сол үшін, О, жаратқан басымды ием!

Толық

Қарап көріңіз