Өлең, жыр, ақындар

Мұз айдыны

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 504
Жастық шағым — айдын мұз,
Сырғанадым желікпен:
Көз алдымда қай бір қыз,
Аумайды ерке еліктен.
Басылмай от, бойда аптық,
Сырғанадым ән — күймен.
Аяғыма — бойдақтық,
Байлап алған конькимен.
Конькиші қыз қиялап,
Осы бір сәт қашты алдан,
Жүрегіме ұялап,
Желік жарыс басталған.
Арман қуу қайғым ба,
Қуа-қуа таядым.
Бірақ жалтыр айдында,
Тайып кетіп аяғым,
Жете алмай қап құлағам...
Бір қыз сүйеп тұрғызды.
Мінезі әсем ұнаған.
Енді қудым бұл қызды...
Жастық шақ та — айдын мұз,
Басылмайтын желігің.
Алдыңды орап қай бір қыз,
Зулайды ерке елігің.
Бойдақ кезде әр күн біз,
Коньки тептік байлап ап
Жастық —
Неткен жылтыр мұз.
Жастық —
Неткен тайғанақ!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ел тартқан тозақ, сөз бе азабың

  • 0
  • 0

Ел тартқан тозақ, сөз бе азабың,
Мен қалай көкжиектен көз жазамын.
Тауларым биіктер ед, Дала кеңіп,
Әр қазақ мендей сүйсе, Өз Қазағын!

Толық

Алпыстан соң – әр күніміз бағалы

  • 0
  • 0

Алпыстан соң – әр күніміз бағалы,
Жүректерде бір-бір жұлдыз жанады,
Шығып алып алты асқардың шыңына,
Жанарымыз таудан төмен қарады.

Толық

Туған жерден қызғалдақ гүл жиюмен

  • 0
  • 0

Туған жерден қызғалдақ гүл жиюмен,
Ата-ананың алдында бас июмен.
Қимай-қимай қоштасты ғой өмірде
Балалығым мәңгі анамды сүюмен!

Толық

Қарап көріңіз