Өлең, жыр, ақындар

Жеңіс күні

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 646
Толғатты өмір сәбиді
тоғызыншы май күні,
Жеңіс атты нәресте
көздерден сүртті қайғыны.
Қарулар емес жүректер
тазартып алды жолды оттан,
Шырқырап жатты армандар
ажалы болып соңғы оқтан.
Бұл күні барлық тірілер
омырауын керіп досқа ашты,
Жеңіспен біреу кезігіп
өмірмен біреу қоштасты.
Артында оның арман мен
айта алмай кеткен сыр қалып,
Жерленген жандар соғысты
қабіріне кетті бірге алып.
Көңілден тұман арылып
жанарлар тұнды үмітке,
Кезенген мылтық атылмай
қайырулы қалды шүріппе.
Жеткізді әкеп жеңіске
қажаған етік өкшені,
Көңілдер енді ауылмен
кездесу күнін көкседі.
Денелер қалды жеңілдеп
иықтан түсті автомат,
Бауырға жолдап жатты олар
қуаныштарын хатқа орап.
Жеңістік таңын атырып
жүректі жандар айбынды,
Болашақ жайлы қуанып .
өткенді ойлап кайғырды.
Оқ жұлып түсіп аяғын .
кездесіп қалып қайғы алдан,
Балдақтылар қайтатын
туған жерге майданнан.
Сағына күткен еңбекпен
қарсы алып алда өр істер,
Жаралылар емес, Отанға
жол артып жатты Жеңістер!
* * *
Жеңістің елі жол бермей
мәңгілік енді бүлікке,
Кешегі мылтық атылмай
қайырулы қалсын шүріппе.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Самал жел..

  • 0
  • 0

Жібек желім, өзің ашып ұйқы әнін,
Дәм келгендей таңдайыма құйқаның,
Жел – анамның алақанын жеткізіп,
Желпіп-желпіп маңдайымды сипадың.

Толық

Салой

  • 0
  • 0

Салойда болдық Салойда,
Салойда күннің бәрі ойда.
Бағы да болған бұл жұрттың,
Қоныс та болған талайға.

Толық

Еңсеңді көтер, ей, адам!

  • 0
  • 0

Ей, Адам! Ел деп еміренсең,
Елім деп тебіренсең,
Еңкейтпес ешкім сені,
Еңкеймес сенің еңсең,

Толық

Қарап көріңіз