Өлең, жыр, ақындар

Алыс рейс

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 393
Теңіз...
Дауыл...
Корабль...
Толғатты АНА...
«Тұңғыш ұлды тәңірім жолдап маған,
Алыс сапар аттанған кеме үстінде
Сенсің, балам, Өмірге жолды аттаған»,—
Деді әкем бірде осылай сырды ақтарып
Қалыпты жадымда сол жыл жатталып,
Жөргегімді жуыпты ащы сумен,
Кіндік қанды теңізім «ұрлап» қалып.
Самсаған жұлдыздардай толы-ау сұрақ,
Жеткізбей жүр маяктай сонау шырақ...
Тіршілік теңізінде жауап іздеп,
Мен содан келем әлі жолаушылап.
Үмітім — балық емес, шағала аулар.
Аспаным — ақша бұлтар, ақ алаулар.
Арманның ұзақ алыс рейсінде
Жақындап жеткізбей жүр жағалаулар,
Жеткізген нар өркешті белес кімге?
Теңіздің толқынымен тел өстім де.
Өзімді сезінемін әлі күнге,
Жүзіп келе жатқандай кеме үстінде!
Үдей соқпас дауылдар үрей үшін,
Теңіздің ақжал толқын дүлейі сын.
Алыс сапар аттанған корабльдей
Менің де алыс-ұзақ рейсім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мақпал

  • 0
  • 0

Өтіп еді Мақпал көлде қайран күндер
көп қызық,
Балалықтың тәтті дәмін арман жолы
кетті үзіп.

Толық

Өз орны бар

  • 0
  • 0

Күннің осы жылылығы жерден бе?
Түнгі аспанның жұлдыздары сөнген бе?
Мұхиттарда жүзе алмайды қайықтар,
Кемелерің қайырлайды көлдерде.

Толық

Күлкі күні

  • 0
  • 0

Қуаныш, күлкі аулына сенімді күн,
Әзіл-қалжың сыйлайтын көріндігін,
Бірінші Сәуір – Көпеннің күні,
Он бесінші сәуір – менің күнім.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар