Өлең, жыр, ақындар

Дала тұлпары

  • 04.04.2022
  • 0
  • 0
  • 505
Даламның тұлпарлары жосылды ағып,
Бейне бір көкте жұлдыз қосылды ағып,
Шапқан ат бауырына тартып жерді,
Дүние дөнгеленді сосын барып.
Ат басын қоя берді желге беріп,
Тақымы жабысқандай ерге берік,
Шабандоз көңілінде айналды жер,
Тұлпарлар тұяғымен дөңгеленіп.
Оянар намыстардың қалғығаны
Даланың шапқан ат-ау бар құмары.
Кең дүние ығысып кейін қалып,
Арманның алға асыққан арғымағы.
Дүбірлі тұяқтардың күйін қалап,
Шапқан ат шабысына сүйінді алап,
Арғымақ бауырында дауыл есті,
Арғымақ бауырында құйын борап.
Көрінді, әне, борандай бұрқап алып,
Ұшардай қанатымен шырқап алып.
Болашақты бетке алып бұл өмірде,
Келеді кең даланың тұлпары ағып!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ең үлкен сенсің, ең жақсы...

  • 0
  • 0

Баулысаң баулы қызынды,
Баулысаң баулы ұлыңды,
Ең үлкен күнә — қорқыныш,
Ең жақсы күн — БҮГІНГІ!

Толық

Зауал, Тұлпар, Уақыт

  • 0
  • 0

Қанатымын жыр атты акиықтың,
Жаңа бетін ашатын тарихтың,
Танысалық, кел бермен келер ұрпақ,
Ақыныңмын!

Толық

Мазасыз өмір – мазаңды алайын деп келдім

  • 0
  • 0

Мазасыз өмір – мазаңды алайын деп келдім,
Көгілдір көгіңе – қанатымды қағайын деп келдім.
Адамзатқа жетерлік кең дүниеден,
Құдай берген орнымды табайын деп келдім.

Толық

Қарап көріңіз