Өлең, жыр, ақындар

Әке бейіт басында

  • 04.04.2022
  • 0
  • 0
  • 764
Көрердей, қолы тимей көк перісін
Қайрылып, қайта соқпай кеткені үшін,
Жолдарда жолай өтіп өткені үшін,
Бәлкім, әке, балаңа өкпелісін.
Өкпелеме, жан әке, ойымдасың,
(Мұрша болмас тірлікке бой ұрғасын).
Өр тұлғаңды түсімде әр күн көрем,
Басқарып жүргендейсің тойым басын.
Тұйыққа тірелгенде, түске енесің,
Жүрекке мұң енгенде, түске енесің.
Тірлікте, о, әке, ойға батып,
Кеңілім түнергенде түске енесің.
Қайтадан жұбанғанда түске енесің,
Жыр кеудем куанғанда түске енесің.
Өткенде бір бақытым елес беріп,
Жеткенде бір арманға түске енесің.
Күрсінесің, түсімде, «Аһ» ұрасың,
Қалыңой тереңіне батырасың,
Тұңғиық тылсымдарға қолың бұлғап,
Кейде, әке, мені алысқа шақырасың.
Тек үнсіз келе алмайсың тілге мүлде,
Бір демеу бергендейсің бұл көңілге.
Тіршіліктің иыққа жүгі батып,

Шақырасың жүдеулеу жүргенімде.
Түсімде, жан әкешім, тербегейсің,
Қасірет, қайғым болып енбегейсің
Желеп-жебеп жүре гөр тірлігімде
Шақырма, әке, шақыра бермегейсің.
Немерең жүр, бәрін де байқап алып,
«Атам» деп суретіңді айтады анық.
Балаларың алдында жүрмін бүгін,
Өмірде өзің болып қайталанып.
Жан анам қабіріңе неше келді.
Басынан қайғы бұлты көшер енді.
Бейітіңнің басында туған үшін,
Бейітіңе белгі етем осы өлеңді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түнгі Ашхабад

  • 0
  • 0

Құдағиымыз Сария ханымға Автордан!
Сылқым сұлу көктем айы керіліп,
Ойлар деген жүректерден өріліп.
Түнгі Ашхабад! Араладық төртеуміз,

Толық

Жаса, қазақ, жаса

  • 0
  • 0

Жаса, қазақ, жаса,
Ұрпақ үшін жаса!
Жаса, қазақ, жаса,
Жұртың үшін жаса!

Толық

Бірі – жұмбақ

  • 0
  • 0

Бірі – жұмбақ,
Өмірдің бірі – тозақ,
Тірліктің әрбір өткен күні ғажап,
Біз мәңгі қарыздармыз Жер бетінде

Толық

Қарап көріңіз