Өлең, жыр, ақындар

Бір ел бар

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 520
Сөйлейді тілден бал тама,
Өмірі тәтті — түгел бал.
Әлемдік ұлы картаға
Түспеген әлі бір ел бар!
Бір әлем бар таныған,
Кезіге бермес, кезіге.
Байқамай өткен жанынан,
Колумбаның өзі де!
Өмірден алған өзегін,
Бәрі де бірдей бақытты.
Бақыттан сезбес өз елін,
Бақыттан сезбес Уақытты!
Бір ел бар сондай ертегі,
Жер жаһанда жүр үні.
Белгісіз бірақ ертеңі,
Бақытты бірақ бүгіні!
Сол жерге қарап нәр алдық,
Жүрегі кейде мұңды ұққан.
Ұлы бір заңы — Адалдық,
Тұла бойы тұнған Шындықтан!
Жан жолдасым — жақұтым,
Атын ерттеп Өлеңнің.
Қорғасам деймін Бақытын,
Қаймағын бұзбай сол елдің!
Сол елді мәңгі Отан ғып,
Шекара етсек бар халық.
Сол елді мәңгі Отан ғып,
Қорғаймын қаруқолға алып!..
Сөйлейді тілден бал тама,
Сөзі де тәтті — түгел бал,
Түспеген әлі картаға
Балалық атты бір ел бар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арайлап күнім, таң атты

  • 0
  • 0

Арайлап күнім, таң атты,
Аштым бір тағы парақты.
Жырымды менің тыңдады,
Көзі бар досым қарақты.

Толық

Өз еркіммен өмірге келгенім жоқ

  • 0
  • 0

Кестеленіп өрілген өрнегің боп:
Бауларың көп, табиғат, шөлдерің көп,
Арманың көп, табиғат, іңкәрің көп,
Сұңқарың көп, табиғат, тұлпарың көп,

Толық

Әйелдерді іздесең

  • 0
  • 0

Әйелдерді іздесең,
Түнгі жұлдыз арасынан ізде сен.
Үмітіңді үзбесең,
Келер көктем, жаз дәурен мен күзге сен.

Толық

Қарап көріңіз