Өлең, жыр, ақындар

Абырой

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 661
Талаптану талпынып
Талапты ердің бағы ғой:
Өмірімде шарқ ұрып,
Сені іздедім, Абырой!
Сенің теңіз көгіңде
Құсың болып айналдым.
Алыс кетпей өмірде
Қазығына байландым.
Өтті-кетті, көбі елес,
Ойдан түйін түйермін.
Сүрінгенде, Жер емес,
Абырой, саған сүйендім.
Қалдым ба деп айрылып,
Сәттерім көп қиналған.
Талай жүйрік сәйгүлік,
Сені күткен финалдан.
Сені күткен, Абырой,
Сені күткен көмбеден.
Жайқалдырып жаным ой,
Жасыл орман тербеген.
Жақсы атқарсаң істі де,
Бәрі ардың қамы ғой.
Киім емес үстіме
Сені кидім, Абырой.
Өмір сенен басталып,
Сапар кештім асыға.
Сені, ұйықтасам жастанып
Жастық еттім басыма.
Адам еткен адамды
Өмір деген кең жолда.
Тағы аттадым қадамды,
Абыройым, сен қолда!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адамы болдым сезімнің

  • 0
  • 0

Адамы болдым сезімнің,
Көңілім — күй,
Көзім — мұң,
Жерде қалған жері жоқ,

Толық

Құстардың үнінде

  • 0
  • 0

Құстардың үнінде,
Ғашықтар тілінде,
Жер жаһан гүлінде –
Лирика.

Толық

Таңмен бірге...

  • 0
  • 0

Жолаушымыз, біз қазақтың бірі едік,
Жапондарға қадамды әкеп тіредік.
Ника деген қаласына біз жетіп,
Тау басында қонақ үйге түнедік.

Толық

Қарап көріңіз