Өлең, жыр, ақындар

Ақтық демім қалғанша

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 862
Жыр жазу деген затында,
Жұлдыз боп жану түнекте.
Еркіндік қажет ақынға,
Бостандық керек жүрекке.
Ақын боп тусаң атадан,
Өмірдің мәнін ұқ мұңнан.
Өзіңді-өзің матаған
Әуелі құтыл тұтқыннан.
Халінен елдің жай біліп,
Ақындар жайған әлемге.
Ақынға келген айбынып
Төренің өзі сәлемге.
Заман, заман болғалы
Қара жер, басы катерде.
Жайылмас мәңгі ол-дағы,
Ақыны болмай аты елге.
Өйткені ақын қаруы
Халқының ана тілінде.
...Сол тілде жүрек зәруі,
Сол тілде тәңір, пірім де!
Басқысы келер арыңды
Кей пенделер маған қас.
Туа біткен дарынды
Адам тартып ала алмас.
Аялап ана тілімді,
Қағармын қанат талғанша.
Аялап өтем пірімді
Ақтық демім қалғанша!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұлулыққа сөз бар ма

  • 0
  • 0

Сұлулыққа сөз бар ма,
Көретұғын көз бар ма,
Дәл осы сәт сұлусың,
Сәл тұра тұр қозғалма.

Толық

Айшабибіге!

  • 0
  • 0

Айша бибімсар –
Туған күні – бұл күні,
Сенде менің жүрегімнің бүлкілі.
Соны сезді, Айшам күйді тартқанда,

Толық

Өмірге бейім жан емеспін...

  • 0
  • 0

Өмірге бейім жан емеспін,
Өмірде сан қателестім.
Бірде түсініп, бірде түсінбей,
Замандаспен қатар өстім.

Толық

Қарап көріңіз