Өлең, жыр, ақындар

Сахара суреті

  • 10.04.2022
  • 0
  • 0
  • 472
Көзбен кермей, білмейсің,
Сахараның суретін!
Өмір сүрмей, білмейсің
Сахараның құдіретін...
* * *
Сахаралы сары бел сыр аңдатты,
Сексеуілге оранып жылан жатты.
Сескеніп суық көзден орғып құмда,
Құйрығын қызыл түлкі бұлаңдатты.
Бұландап тірлік іштей сыр алысты,
Ор қоян түлкі алдында құрақ ұшты.
Алдына киік салып шапты қасқыр,
Қасқырды алға салып қыран ұшты.
Қапысыз қағып түсер қас қағымда,
Жер-көктің қуғанын да, қашқанын да,
Қыран бұл бүкіл көкті иемденіп,
Орнатқан патшалығын аспанында.
Дір етіп, дүр сілкінді тұнық аспан,
Көкжалы бар, көздерін ұлып ашқан,
Бірін-бірі андыған, бірі сасқан,
Бірі қуған, тірлік бұл, бірі қашқан.
Сондайды көріп-өлшеп көз қанғанда,
Қазақта айтылмаған сөз қалған ба?
Шынында, дүниеге қарап тұрсаң:
Қашқан да алда, өмірде озған алда!
Тапқайсың бұл тірлікте бір ретін,
Өмір сүріп ұғасың құдіретін.
Сахара сұлулығын мойындайсың,
Көзіңмен көрсең ғана суретін!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің мемлекетім

  • 0
  • 0

Ақордадан бастап шекараға дейін,
Аспан-жерді жалғаған екі араға дейін,
Бұлт асқан ақиық тауларыма дейін,
Кең көсілген даламның аумағына дейін,

Толық

Соғыста қаза тапқан батырлар туралы ой

  • 0
  • 0

Қиды жанын,
Құйды қанын,
Нұр таңы үшін!
Көз жұмған жоқ өлімді қызық көріп,

Толық

Көш

  • 0
  • 1

Көш келеді,
Қорқыт бабам қобызы,
Аңызақжел,
құмдар көмген жоқ ізі.

Толық

Қарап көріңіз