Өлең, жыр, ақындар

Шөл далада бәрі бар

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 353
Шөл далада бәрі бар,
Әр күн атар таңы бар.
Мекен еткен адам мен
Аңдар менен жануар.
Өркеш-өркеш құмы бар,
Қайғысы мен мұңы бар.
Жел арқылы сөйлейтін,
Ащы-тәтті – тілі бал.
Келеді үндер ғарыштан,
Жақын кейде алыстан.
Шөл даланың жұмбағын
Білген адам данышпан.
Көкке қолын созған бар,
Қалыс қалып, озған бар.
Шөл далада жортады,
Киіктер мен көкжалдар.
Дала ғұмыр кешеді,
Бұлттар үркіп көшеді.
Шөл далада қасқиып,
Бір тал ағаш өседі.
Шөл дала ғой деседі,
Жел-дауылы еседі.
Шөл далада өскендер,
Қай жерде де өседі!..
Бақыт іздеп кезеді,
Бақыт барын сезеді.
Шөл далада өскендер,
Қай жерге де төзеді!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Король жары

  • 0
  • 0

Алтын зерлі ер-тоқымды ат сыйлап,
Ат емес-ау күтпеген сәт бақ сыйлап,
Біз келгенде Испания королі,
Баласының жолын ашты тақ сыйлап!

Толық

Аққұм

  • 0
  • 0

Еріндерін кезеріп,
Қатігездей безеріп,
Сан ғасырлар жаттыңдар,
Толқынындай өзеннің.

Толық

Дүниені оятып таңым атты

  • 0
  • 0

Дүниені оятып таңым атты,
Аспан тұр аман-есен әруақты.
Ата-баба рухындай мәңгі өлмейтін,
Сәулелер жүр аралап шаңырақты.

Толық

Қарап көріңіз