Өлең, жыр, ақындар

Әйелден асқан ғалым жоқ

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 449
Әйелден асқан ғалым жоқ,
Әйелдей маржан, жақұт жоқ.
Әйелден асқан залым жоқ,
Әйелден асқан бақыт жоқ.
Әйелде ойлар бас та бар,
Әйелде бүйрек тас та бар.
Әйелің бір күн дос болар,
Әйелің бір күн қас болар.
Тең бөлінген екі ара,
Орып түсер от ара.
Ортасында әйел тұр,
Екі бірдей шекара.
Былай жүрсең – жау елің,
Былай жүрсең – дос елің.
Елге жаяр әуенін,
Еститін елдің өсегін.
Құлақ берген әйелге,
Бәрін естіп білетін.
Шырақ берген әйелге,
Бәрін көзбен көретін.
Әйелде барлық бәле де,
Әйелде барлық жақсылық.
Кететін құтың зәре де,
Бәрі бар сиқыр бақсылық.
Бәріне де көнем дер,
Шырқайтын аспан көңіл-көк.
Не десеңдер о деңдер,
Әйелсіз бірақ өмір жоқ!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саяжайдағы түн

  • 0
  • 0

Жайнатып жұлдыздарын сылқым аспан,
Ғажайып қара түнім кірпік ашқан.
Тас төбемнен қарайды нұрлы көздер,
Бір үйдің баласындай шұрқырасқан!

Толық

Бабаларға табыну

  • 0
  • 0

Қанатымын жыр атты ақиықтың,
Жаңа бетін ашатын тарихтың.
Танысалық, кел бермен, келер ұрпақ,
Ақыныңмын! Шөмішбай Сариевпын! —

Толық

Жүздірер теңіз, көлге де

  • 0
  • 0

Жүздірер теңіз, көлге де
Шығарар биік төрге де,
Қисынын тапсаң қыл көпір,
Өткізер сені өрге де.

Толық

Қарап көріңіз