Өлең, жыр, ақындар

Ойлар да көктен самсайсың

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 504
Ойлар да көктен самсайсың,
Бостандық тілеп аңсайсың.
Шаршатады бұл өмір,
Әйеліңнен де шаршайсың.
Бәрін де іштей бүлінтіп,
Сырларға терең үңілтіп.
Түңілтеді бұл өмір,
Өзіңнен де түңілтіп.
Жұлдыздар көктен самсайсың,
Жетсем деп айға аңсайсың.
Әйел әйел болғасын,
Сұлудан да шаршайсың.
Әйелдің жаны, өзі нұр,
Жетеді жігер төзімі.
Шаршатпайды өмірде,
Әйелдің ыстық сезімі.
Толқын да аунап құшады,
Құстар да биік ұшады.
Өмірдің үлкен жұмағы –
Әйелдің ыстық құшағы!
Бәрі көркем сәндіге,
Қайраты мол әлдіге.
Құшағынан әйелдің,
Тұншығасың мәңгіге.
Олай да бұлай ағылыс,
Қашып шықсаң – сағыныш.
Айналып ыстық ұядан,
Ұшып шықты тағы құс!..
Бәріне енді жан сауға,
Жаралған әйел аңсауға.
Тартылыс жердің күшіндей,
Беттейсің қайта шаршауға!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әнді тыңда, аяулым

  • 0
  • 0

Аяулым, әнді тыңда арманыңдай,
Асыл сыр айтшы, жаным, бар ма мұндай?
Әуелі әуен жазсын маңдайыңа,
Бұл өмір бақыт берсе бармағындай.

Толық

Көре-тұғын дүниені жанар бер

  • 0
  • 0

Көре-тұғын дүниені жанар бер,
Тұлпар аттай шарқ ұрып ағар, бел,
Анамдай боп маңдайымды сипаған,
Айналдым мен, айналайын, самал жел.

Толық

Ескерткіш

  • 0
  • 0

Қазақ қазақ болғалы,
Кең далада көшіп-қонғалы,
Тағдырдың сан тарауындай жолдары
Бір арнаға тоғыспапты,

Толық

Қарап көріңіз