Өлең, жыр, ақындар

Жақсымен, жайсаңдармен жарастырған

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 468
Жақсымен, жайсаңдармен жарастырған
Тура жол, ал бір кейде адастырған.
Құс ұшып көгімізден, көктем келіп,
Іздерім шыға келді қар астынан.
Бір аруға көз салар жүз бөрігі,
Көктем ғой, жайнап шығар қыз көрігі.
Оянып махаббаты мәңгіліктің,
Қар еріп, кеудемізден мұз да еріді.
Кеудемізде бір жүрек тұр-ау жанып,
Қар кешіп, бірге аунадық, бір аунадық.
Аруға аппақ қардай қараушы едік,
Жанарлар терезесі қырауланып.
Сезімнен мың қызарып бір өңіміз,
Ғашық боп жайнап салып реңіміз,
Махаббат көктемінде күннен ыстық,
Өртеніп, балқып-жанды жүрегіміз.
Тұлпардың тұяғынан тұнады енді
Арғымақ атпен шауып құба белді,
Кешегі махаббаттың куәсындай
Іздерім қар астынан шыға келді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адамға артық байлық — әурешілік

  • 0
  • 0

Адамға артық байлық — әурешілік,
Қызығын көре алмассың дәурен сүріп.
Тіршіліктің қызығы сағынышта,
Сағынышты ғұмырдың сәулесі — үміт.

Толық

Туған елдің түтіні

  • 0
  • 0

Туған елдің түтіні де тәтті ғой,
Тоңа ма деп таңы талай атты ғой.
Қараша үйдің ұйып балдай қаймағы,
Қанаттарын түтін түзу қақты ғой.

Толық

Дауылға желтоқсанның желі айналды

  • 0
  • 0

Дауылға желтоқсанның желі айналды,
Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы,
Күтпеген іс ақыры не болар деп,
Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

Толық

Қарап көріңіз