Өлең, жыр, ақындар

Ойла, ойла

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2883
Ойла, ойла, ойға тойма,
Ойла, толған жас көңіл.
Жырла, ойла, ойла, жырла,
Жырмен жұбан, жан көңіл.
Ойла, жырла, жырла рахат,
Жырла, ойла, ойла бақ.
Оймен жыр тап, жырмен түр тап,
Жырла - дағы ойға қайт!
Жатсаң ойда, тұрсаң жырда,
Жанға жүрек емі бар,
Жаннан безген жырдан басқа,
Жас жүректің кімі бар?!
Ой - көңілдің еркетайы,
Жыр - жүректің бұлбұлы,
Ой - өмірдің күні, айы,
Жыр мен көктің жыр гүлі.
Жардан жеріп, бақтан безген,
Сен бейшара, жалғыз ғой,
Ойды - қырды қоймай кезген
Жарың, бағың болсын ой.
Жүйрік көңілім, ой ойлашы,
Өзге заттан безейін.
Ойдан қуат, жырдан қанат,
Жиып дүние кезейін.
Тағы... тағы ойлашы ой,
Мен де ойлайын, ерейін,
Жансыз, жарсыз мен сорлы ғой,
Жырлайын да өлейін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жырла да зарла, көңілім

  • 0
  • 0

Жырла да зарла, көңілім,
Сел болып жасың төгілсін.
Есіткен ойдан баз кешіп,
Қамығып шындап егілсін.

Толық

Мен саған жат қыр баласы

  • 0
  • 0

Мен саған жат қыр баласы,
Қырда тудым, қырда өстім.
Таулы, тасты айналасы,
Көлде жүздім, су кештім.

Толық

Келер бір күн таң атар

  • 0
  • 0

Келер бір күн таң атар,
Ай да туар, Күн шығар,
Айдаһардай төксем қаһар
Айбарыма кәм шыдар,

Толық

Қарап көріңіз