Өлең, жыр, ақындар

Жазушылар үйі

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 472
Құдіретті күмбірлеген күйі-жыр,
Талант-дарын Алла Құдай сыйы бұл.
Әдебиеттің мешітіндей
Қасиетті Жазушылар үйі бұл.
Қасиетті осы үйден құт алып,
Жанарынан өрт-дарыны тұтанып,
Басын иіп кірген мұнда ӘУЕЗОВ,
Басын иіп кірген мұнда МҰҚАНОВ.
Керуендей созылған бір көш бар ең,
Жан кеудесін ашып тосар досқа әлем,
Осы үйге имене еніп тәубе етіп,
Бір кездері төріне озды қос ҒАБЕҢ!
Бас иемін осы бір үй алдында,
Құдіретті күйге айналар жан мұнда,
Таяғына сүйеніп үйге енетін
Бір күш алып лирик ақын ӘБДІЛДА!
Құдай берген құдіретті бәрі Адам,
Тамыры бір-бір қазақтан тараған.
Бастарынан бұлт ойнатып бірге енген,
Найзағайдай ҚАЛИЖАН мен ХАМ-ағаң!
Қартайғанда сиреп жатар қатарлар,
Әдебиетте бітпес мәңгі сапар бар,
Толқын-толқын келіп жатар бұл үйге
СЫР-ағаң бар, ЖҰБ-ағаң бар, ҒАФАҢ бар.
Бұл сезімді терең айдын көл тоқыр,
Менің тойда жырларым бар елге оқыр.
Жазушы елдің ЖЕТПІС жылын қарсы алып,
Менің досым – НҰРЛАН бүгін төрде отыр.
Көкке шырқап жеткен елдің бойы бір
Тасқан өзен, дариялардай ойы – жыр.
Осы тойды көрмеген бар, көрген бар,
Тәуелсіз Ел-Жазушылар тойы бұл!
Тәуелсіздік досы әрі жолдасы,
Жүрек бүгін тебіреніп толғашы,
Желбіреген Ақ ордада туымды
Күллі әлемге паш етті ғой ЕЛБАСЫ.
Арман бітпес, арманына жетті кім,
Армандаумен, қайғырумен өтті күн.
Бір кездері «қазақ» десек таң қалса,
Қазағымды білмейтін ел жоқ бүгін!
Жетті бізге бабам күткен ғажап күн,
Елордам бар, енді бүгін азатпын,
Жазушылар үйіне мен бас ием,
Жазушымын, Ақынымын қазақтың!
Кеудемізде көл-көсір боп көбейді ой,
Жүрегіме нұрын шашып бөлейді ой,
Жазушылар одағына жетпіс жыл,
Ақ мешітім –
Құтты болсын Мерей той!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайтсем екен, мен осы, қайтсем екен

  • 0
  • 0

Қайтсем екен, мен осы, қайтсем екен,
Ақиқатын, өмірдің айтсам бе екен?!
Базардың арзан затын қымбатқа алып,
Оралып жәрмеңкеден қайтсам бе екен?!

Толық

Дала жыры

  • 0
  • 0

Жүрегіне қуаныш тола алар ма?
Бақыт құсы халқыма қона алар ма?
Әнмен таңын бабамыз қарсы алмаса,
Ән әлдилеп, даламыз ән салмаса.

Толық

Момын жайлы балама сыр

  • 0
  • 0

Білуге құмартады-ау жаралса адам,
Түйе жайлы айтайын балам саған.
Барғыштайтын әкеңдей ауыл жаққа,
Төрт түліктің бірі бұл дала аңсаған.

Толық

Қарап көріңіз