Өлең, жыр, ақындар

Құла айғыр

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 665
Бақ сыйлап маған Құдай бір,
Алай бір шаптым, былай бір.
Мінгенім менің асау ой,
Сымбаты сұлу құла айғыр!
Құлаймын-ай демедім,
Алдан бәрін көремін.
Жаралған тұлпар тұяққа,
Далам неткен кең едің.
Дидарға қонды шырай бұл,
Бақыт па, бақ па, сұрай жүр?!
Ұнайды маған осы бір
Шабандоз жүйрік құла айғыр.
Жолдар қалар күнде ізден,
Құла айғыр асау жүр бізбен,
Балалық шақта сонау бір,
Нағашы атам мінгізген.
Көздегі жанған шырақпен,
Аңсаған арман мұратпен,
Шабатын едім құмменен,
Шабатын едім қыратпен.
Жыр сыйлап маған құдай бір,
Алай бір шаптым, былай бір.
Балалық шақты бақытты,
Есіме салды құла айғыр!
Сипаймын жалын түлетем.
Кеудеме ойды түнетем,
Кеудемде менің құла айғыр,
Балалық шағым тірі екен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақселеу

  • 0
  • 0

Өткізіп не бір дәурен, не бір жазды,
Күй болып күмбүрлеген өмір-сазды,
Атасу ауылының АҚСЕЛЕУІ,
Алматы Алатаудан кенін қазды.

Толық

Есіл

  • 0
  • 0

Ақын болып жаратылдым не үшін мен?!
Бүгін алғаш амандастым Есілмен.
Бас иеміз дәл осы бір өзенге,
Келіп жеткен астаналық көшіммен.

Толық

Дені сау адамдарға өмір — Жұмақ

  • 0
  • 0

Дені сау адамдарға өмір — Жұмақ,
Кәусардай мөлдірейді көңіл — бұлақ.
Кеуденің сәулесіндей көз-жанары,
Тірліктен жайнап өтер небір шырақ.

Толық

Қарап көріңіз