Өлең, жыр, ақындар

Көше толы шешен көп

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 413
Көше толы шешен көп
Көше толы көсем көп.
Лондон ақын қала екен,
Лезде жауған нөсерлеп.
Көше толы жұрт, халық,
Нұрларынан құт тамып.
Лезде жауып лезде,
Шабыттанған бұлттанып.
Бірде бұлтты, бірде күн.
Ашар нөсер ілгегін.
Жауа салар өлеңдей
Алмай тұрып бір демін.
Жаңбырлатып аспаннан,
Жанарынан жас қалған.
Тоқиды екен шілтерді,
Мрамордай тастардан.
Шарт сынардай шынысы
Лондонның ұлы ісі.
Олимпиада иісі аңқып
Спорт екен тынысы.
Келгендейін таласып,
Болсашы бір дауасы.
Олимиада иісі аңқып
Тұр көшенің ауасы.
Әуелеген әндердей.
Жатпас жұрты жан керней.
Лондон ақын қала екен
Мінезі бар дәл мендей.

23-24 шілде, 2012 ж.
Лондон шаһары.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сөйле енді, домбыра

  • 0
  • 0

Кім мойындап басын имес асылға,
Сөзін айтып келер күнге, ғасырға.
Қазағымның Ахметі Жұбанов,
Құрманғазы оркестрі басында!

Толық

Ұрпақ үні

  • 0
  • 0

Уа, бабам, ұрпақтарға, уақытқа сенген ең,
Ұлы Жердің үстінде:
Болашағың — Мен келем!
Жұлдызың боп сөнбеген,

Толық

Жел

  • 0
  • 0

Жел-тағдыр жетектейді оңды-солға,
Созасың жеткізер деп қолды сонда.
Ышқынып ызыңдайды желмен бірге,
Жаурады тоңды жүрек, тоңды жолда.

Толық

Қарап көріңіз