Өлең, жыр, ақындар

Олимпиада – Лондоннан сүйінші елім!..

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 397
Лондонда ізім сайрап, жолым қалды,
Лондонда мен отырған төрім бар-ды,
Олимпиада – Лондоннан сүйінші Елім,
Екі мәрте Елұран орындалды!..
Көз жетті Ұлы Британ Лондонында,
Даламның дарындары молдығына,
Өлеңмен сүйіншіні мен берейін,
Қазақтың қос алтыны қоржынында!..
Алатауым толғанған алаңдамай,
Тебіренбей жата алар далам қалай?!
Үш алтын алам деген Талғат баурым,
Біз бастық екі қадам соған қарай!..
Тебірентер күн алда енді көкті,
Аянбай Қазақ үшін терді төкті,
Александр Виокуров айналайын,
Қазақтың Туын көкке желбіретті!..
Лондонға бекер келіп, бекер келмей,
Парызы туған жерге өтелгендей,
Еліктің асығындай Зұлфиямыз,
Алатаудың бір шыңын көтергендей!..
Жаралған жүрегіммен, бар ауылмен,
Кеудемдегі ең ыстық жалауыммен,
Лондонның көпірінен қарсы алып ем,
Осы бір Олимпиада алауын мен!..
Қазақы былай қойып қалжыңдарды,
Әр істе Қазақ деген мазмұн бар-ды.
Бәрі де бұл өмірдің бекер емес,
Елу Ел қатарына – аз күн қалды!..
Тарихқа айналуда қас-қағымдар,
Алатаудай ең биік асқарым бар,
ОЛИМПИАДА – ЛОНДОННЫҢ құшағында,
Өнерін көрсетуде жас дарындар!..
Әр үйі бір-бір тарих, ғажап еді,
Лондонның таза нұры, таза желі,
Қазақ қазақ болғалы, ағайындар!..
Олимпиада – Лондонда Қазақ Елі!!!

29 шілде 2012 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алғаш тау көргенде

  • 0
  • 0

О, Алатау! Өзіңді жаңа көрдім,
Туған жерден алдымен дала көрдім.
Кеудеме толқын атқан нар өркешті,
Құмды өлке суретін сала келдім.

Толық

Сәулет - өнер

  • 0
  • 0

Ғасырды айтып,
Тастар сөйлеп тұрады,
Жұлдызды айтып,
Аспан сөйлеп тұрады

Толық

Бақыт сені жолықтырған кезім көп

  • 0
  • 0

Бақыт сені жолықтырған кезім көп,
Қарсы алдымнан шықтың талай өзің боп.
Бақыт сені қала тұғын танымай,
Өтіп кетер, кейде менің кезім жоқ.

Толық

Қарап көріңіз