Өлең, жыр, ақындар

Мінәжат

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 402
Бұ дүние сан қуаныш, мың азап,
Халықтар бар: бірі – құл да, бірі – азат,
Туған Күні , Ескерткіші басында,
Ұлы Абайға, ұлы ақынға мінәжат!
Жүріп келем талай-талай елдермен,
Сапар кештім талай-талай жерлермен,
Ұлы Абай сенің Елің Бүгінде,
Тәуелсіздік құшағында тербелген.
Қалың елің қазағыңнан түңілме,
Қазағым деп таяқ жеген күніңде,
Қара сөзбен қайғыңды айтқан ұлы Абай,
Бостандығын алды қазақ Бүгінде!
Не болар деп талай жандар налыды,
Сан сүрініп қазақ деген алыбы,
Ұлағатты ұлы Абайым сүйінші,
Қазағыңды жер жаһаным таныды!
Ең жақсы Күн, қастерлейік Бүгінді,
Ұлтым мұхит тереңіне үңілді.
Елшіліктер шаңырағы биіктеп,
Қазақ Туы күллі әлемге тігілді!
Кеудедегі түйін болған тас көшті,
Жанарлардан үйірілген жас көшті.
Өзің көрген Сарыарқаңда ұлы Абай,
Күллі әлемнің абзалдары бас қосты.
Бұл қазақты момын деген бекер-ді,
Ата-бабам, талай парыз өтелді,
Өзің көрген Сарыарқаңда ұлы Абай,
Ұлы Қазақ ақордасын көтерді!
Уа, Құдайым! Қазағымды сүйікті ет,
Тік тұра алдық төбемізге тиіп көк,
Ұлы Абай, біздер солай Ел болдық,
Алатаудың еңсесіндей биіктеп!
Өзен түгіл, тіл бітірген тасқа да,
Ертісімнің жағасында Бас қала,
Сарыарқаң да еңселенді ұлы Абай,
Абылайхан армандаған Астана!
Қазағым деп талай ақын налыған,
Мен де ақынмын, мен несіне қамығам,
Олимпиада - Лондонда қазағым,
Ана тілмен шырқап салды Әнұран!
Таниды Елді Қазақ кім деп сұрамай,
Қазағыммен әлі күнге тірі Абай,
Сол әнұран, сол бір Туда сен барсын,
Қазағыммен жаса мәңгі Ұлы Абай!!!

10 тамыз 2012 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тәуелсіздік

  • 0
  • 0

Жатырмыз біз жаңа есті сенсең жиып,
Тағдыр басын туған ел теңселді иіп.
Тәуелсіздік — сен неткен абзал едің,
Алатаудай бұл күні еңсем биік.

Толық

Мендей сүйсе...

  • 0
  • 0

Өмірдің мен де мейман қонағымын,
Аңдайтын жолаушымын жол ағымын.
Тең тұрар төрағасы болсам деймін,
Қазақты сүйетіндер Одағының!

Толық

Ақын қазақ

  • 0
  • 0

Туған ел, барым осы,барды аяман,
Ақынды құрметтемес қандай адам.
Дәмін тат аз күн қонақ,о, жолаушым,
Жыр — қымыз, өлең – шұбат, жал-жаядан.

Толық

Қарап көріңіз