Өлең, жыр, ақындар

Ұлы Испания жерінде...

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 511
Уа, Мадрид!
Мен сенің көшеңдемін,
Жыр болып,
Құшағыңда нөсерледім,
Тәуелсіз Ел, ақыны мен болмасам,
Осындай бір бақытты кешер ме едім?
Тарихтың ұлы жүгін жиған қатпар,
Жүрегіме нөсерлеп құйған ақпар,
Қарсы алғандай алдымнан корольдері,
Алдымнан шықты ұлы ғимараттар!
Таңырқадым, Мадрид, тамсандым да,
Корольдің театрында жар салдым да,
Тарихтың шежіресі – Испан Елі,
Корольдің сарайлары қарсы алдымда.
Ақиқатты жар салып жалған түңілед,
Қаншама тарих болып қалған құдірет,
Патшалар Филип ІІ жүрген жерлер,
Сиқырлы күш Санчеса салған сурет.
Аренада осынау үй ізі кең,
Қазақты таң қалдырып киізімен,
Осылай көз алдымда Испания,
Келер жүйткіп Коррида мүйізімен.
Коррида қапияда жықты бірін,
Атқандай арайланып құтты күнім.
Көгілдір Испания аспанында,
Күн алаңы алдымнан шықты бүгін!
Аялайтын жүректі жанды үмітпен.
Патшалар ғимаратты салдырып кең,
Майордың алаңынан біз келеміз,
Испания сені іздеп Мадридтен.
Теңіз бен мұхиттардың ұшанына.
Қырандар қонған қанат ұшарында,
Қазақтың ту тігілген желбіретіп.
Сол Мадрид! Испания құшағында!
Айналған тірлігімде тірегімнің,
Толқытқан ақын менің жүрегімнің,
Испанда көгілдір ту желбіресе,
Ол болса Елшілігі ұлы Елімнің!
Адамның шетсіз-шексіз ақылы көк,
Өмірдің алыс пенен жақыны көп,
Сол үйде, бүгін келіп, Мен отырмын.
Тәуелсіз ұлы Елімнің Ақыны боп…
Тағы бір арайланып келші күнім,
Тағы бір, тәуелсіз боп енші күнім.
Мадрид! Ұлы Испанның жерінде де,
Жасай бер! Жаса менің Елшілігім!

6 маусым 2014 жыл
Мадрид



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күндердің күні болғанда

  • 0
  • 0

Күндердің күні болғанда,
Тосқауыл түсіп жолдарға.
Өрт шалғанда орманға,
Бір Құдайға сыйынып,

Толық

Соғыс бітті!

  • 0
  • 0

«Соғыс бітті!
Бітті қанды дауыл да!—
Деп қуанды көрші-қоңсы,
Бауыр да.

Толық

Дәстүр жайлы жыр

  • 0
  • 0

Халық па қасиетін жойып алса?..
Елімнің елге жаяр ойы қанша?!
Құстары ұшып келер көктем сайын,
Қазақтың дәстүрінің тойы болса?!

Толық

Қарап көріңіз