Өлең, жыр, ақындар

Испания түні

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 311
Толқыныма толқын қосты көңілім,
Мазмұныма мазмұн қосты өмірім,
Испания түні маған сыйлады,
Қия алмайтын бір жұлдызын көгінің.
Қиялымен көзін жұмып қанша адам,
Айлы түнді армандаумен аңсаған,
Испания түнін сүйдім ең алғаш,
Жан-жағынан жұлдыздары самсаған.
Тұңғиық түн енгендей бір сағымға,
Теңіз толқын айналғандай ағынға,
Испания түні қалды жүректе,
Испания түні қалды жадымда.
Жүрегіме жыр да тұнды, күй тұнды,
Түні бойы қашырды бар ұйқымды,
Испания түні көркем көрікті,
Толып туған ай арудай сүйкімді.
Куә болып таудың басқан шыңдары,
Жүрек ұйып әнін әсем тыңдады.
Испания түні қалды мәңгілік,
Құпиялы ұлы өмірдің жұмбағы.

27 маусым 2014 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көрген жерден шошыма

  • 0
  • 0

Көрген жерден шошыма,
Ойсыз сөзді тез айтпа
Айрылмастай досыңа,
Қайрылмастай сөз айтпа.

Толық

Көкжиек

  • 0
  • 0

Қадамыңды қарыштап,
Бассаң дағы жаныштап,
Жеткізбейді көкжиек,
Жақындасаң алыстап.

Толық

Жолда тас жатыр!

  • 0
  • 0

Еңсе де жанарыңа сұрақ, күдік,
Өмір өтіп барады жылап, күліп...
Қызықсың-ау, о, адам, жолдарыңнан
Қозғамадың сол тасты құлап тұрып.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар