Өлең, жыр, ақындар

Қыс пен көктем

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 666
Жұтқан қарды талшықтап,
Оянғандай қанша ұйықтап.
Ойдым-ойдым қар жатыр,
Қаратауды айшықтап.
Оянғандай ой-сана,
Етек-жеңін жайса да.
Ойдым-ойдым қар жатыр,
Арасында сай-сала.
Бір жылылық жеткен бе,
Шөптер шығып бөктерге.
Қара жерде бусанып,
Дайындалған көктемге.
Тұяқ серпіп тағы бір,
Кетпей ақ қар ағы бір.
Көктем мен қыс күресіп,
Тай таласқан шағы бұл.
Тау мен тасты тұрғызып,
Басталғандай бір қызық.
Қыс патшалық бермеуде,
Үстемдігін жүгізіп.
Қария қысты кемітіп,
Ұлылықпен елітіп.
Шабуыл жасап көктем жүр,
Жылылықпен ерітіп.
Мезгіл-маусым бұруға,
Жүрек ысып жылуға.
Қояр емес көктем де,
Патшалықты құруға.
Кім болса да келіспей
Жұқарған бір өрістей.
Қыс көктемнің жеңерін,
Білсе дағы беріспей.
Табиғат қой төр Ана,
Тапқан бәрін сол Ана.
Арбасқан бір екі өмір,
Осы бір шақ өлі ара.
Қыс та қайтып жүдеді,
Көктем жастық үдеді.
Адам білмес жұмақты,
Бір Құдайым біледі.

24 наурыз 2014 жыл
Астана-Алматы сапары



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түнмен сырласу

  • 0
  • 0

Түнге тіл біткенде,
Сырласып сыр бүккен бе?
Кеудесін ақтармайды,
Көрінген кім біткенге.

Толық

Сол бір көктем

  • 0
  • 0

Еске алып ғажайыптай өткенімді,
Аялап ұшырғандай көкке күнді,
Адасып қалғандай бір аққуымнан,
Мен іздеп кеттім сол бір көктемімді.

Толық

Барселон

  • 0
  • 0

Ағып жатыр әрбір тұстан жылғалар,
Дүниеден күтетіндей, бір хабар,
Барселонда Барселондық мінез бар,
Барселонда Барселондық мұң да бар!

Толық

Қарап көріңіз