Өлең, жыр, ақындар

Романс

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 448
Сұм жалғанға наразы жан,
Сұмдық жала жанға батып,
Кетті аттанып ыза буған,
Сәнді Римге өзі ұнатып.
"Ұмытам ба, о достарым,
О, шарабы солтүстіктің?
Ұмытам ба жарасқанын
Серуенін татулықтың?
Ұмытам ба, құйын қарын,
Сұлуларын, от жанарын,
Балалайка дыңылдарын, —
Ел ішінің сауықтарын.
Жаным-тәнім! Алыс қалдың,
Қайран елі мұңды зардың,
Қалай ғана ұмытамын,
Қаңқу сөзін залымдардың?
Жоқ! Зүбәржат мирт астында,
Гельвецийдің жартасында,
Жүрсем-дағы дулы Римде
Ұмытпаспын қайбірін де!"
Күймесінде сол бауырың,
Қымтанып ап мұңайды енді,
Сыңғыр-сыңғыр қоңыраудың
Үні үзіліп ұзай берді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күн

  • 0
  • 0

Қысқы әсем күн бейне ғашық,
Жапсарынан бұлттың сұп-сұр,
Ақша қарға сәуле шашып,
Зеңгір көктен шертеді сыр.

Толық

Арнау

  • 0
  • 0

Күйіп бір кез жыр отына
Сырымды ашқам басыбайлы:
Жарлы едім мен - біле тұра
Жатсынбадың жақыбайды.

Толық

Бесіктегі сәби

  • 0
  • 0

Шіркін-ай, сәби бақытты-ау,
Бесікте еркін керілер,
Есейген ертең уақытта
Дүниең тар боп көрінер.

Толық

Қарап көріңіз