Өлең, жыр, ақындар

Қонақ

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 574
Бұлтқа орап омырауын,
Ай тосырқап қалқиды.
Үні жырақ қоңыраудың
Бір тынып, бір шалқиды.
"Аязды түн неткен қонақ?"-
Әйелі сөз етеді.
Терезеге көптен қарап
Отыр еді екеуі.
Күймелі арба көрінді әне...
Жөн-жосық жоқ сұраған,
Қозғалуға ерінгендей
Түсіп жатты бір адам.
Малай қарап қалар ма онда,
Ертіп кірді о да асық;
Монах екен қара орманда
Кеткен түнде адасып.
Қас-қабағы сыр бүгісіп,
Тұрса талып сүзіле,
Мұңлы сәуле тұрды түсіп,
Оның мұңлы жүзіне.
Кенет көзі жарқ етті де,
Келіншекті ол таныды.
Жанына кеп жалп етті де,
Құшты аяғын жанығып.
Шықты ері үйден жасыған көп..
Тыңдап жүрек жарлығын,
Бұл да бір кез осы жан деп,
Құрбан еткен барлығын.
Есі кірді, келді өзіне,
Жасы аққан, көлдеген,
Түспесін деп ел көзіне,
Өтті бөлген бөлмеге.
Бірақ та үні еңіреген,
Түні бойы талды ұзақ.
Естіп жатты ел іргеден,
Тынды таңда жалғыз-ақ.
Сонда олар кеп кірді жетіп.
Көрді еденде жатқанын;
Қара плащ дір-дір етіп,
Суық тәнін жапты оның!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үзінді

  • 0
  • 0

Жас арудың көкірегін,
тұнжыр көз бен от реңін,
қайдан көрді есер жүрек –
жігіт тұрды есеңгіреп.

Толық

Көрші қыз

  • 0
  • 0

Теңдікке сірә қол жетпес,
Түрмеде мәңгі қалдым ба?
Әйнектен ұшып ән де өтпес,
Сақшы тұр есік алдында.

Толық

Болжау

  • 0
  • 0

Россияға қатерлі бір жыл келер,
Патша біткен тақтан құлап күңіренер
Қара халқы жақсы көріп сыйламас,
Көбі соның төккен қанын қылар ас.

Толық

Қарап көріңіз