Өлең, жыр, ақындар

Көрші қыз

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 776
Теңдікке сірә қол жетпес,
Түрмеде мәңгі қалдым ба?
Әйнектен ұшып ән де өтпес,
Сақшы тұр есік алдында.
Өлер ем жұртты кіргізбей,
Болмаса көршім, қымбаттым.
Оянып бүгін біз бірдей,
Мен оған шұлғып ым қақтым.
Болады дейсің кім тірек,
Ортақ ой алар панаға.
Ұқтырған бізді бір тілек
Қос әйнек, қос тор арада.
Таң атса болды мен жылдам
Телміртіп көзді қадаймын.
Сырт етіп кенет сырылған
Пердені күнде санаймын.
Қылымсып, бойды ұйытқан
Дегендей маған қарап ал!
Ескендей бір жел иықтан
Сырғыды ала орамал.
Бозарған өңі бүлдіршін,
Күрсініп шыдар қанша айға?
Жасырып ойын, кім білсін,
Теңдікті мендей аңсай ма?
Мұңайма, көршім сүйкімді!
Қаласаң - торды бұзармыз,
Жамылып құстай бір түнді
Даланы шарлап ұзармыз.
Ұрлап бер кілтті әкеңнен,
Қыздырсын кенет той бәрін,
Ас-суын маған әкелген
Күзетшіні өзім жайлармын.
Қараңғы түнді таңдап ал,
Әкеңді мас ет, елжірет.
Әйнекке ілсең орамал
Білермін соны белгі деп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білмей-ақ қойсын бұл әулет

  • 0
  • 0

Білмей-ақ қойсын бұл әулет
Құпия менің сырымды;
Ұжданым, тәңірім білер тек
Сорлаған, сүйген күнімді!..

Толық

Шайқас

  • 0
  • 0

Ойқастап аспан өр төсін
Төбемде бір күн самғады –
Тәңірінің екі еркесі
Шартпа-шұрт келіп қалғаны.

Толық

Жалғыз-жалқы меңіреу теріскейде

  • 0
  • 0

Жалғыз-жалқы меңіреу теріскейде,
Қарағай тұр тап-тақыр бір төскейде.
Теңселеді, қалғиды қысты көріп,
Ақ шапандай күміс қар үстін көміп.

Толық

Қарап көріңіз