Өлең, жыр, ақындар

Өзіме

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 403
Сүймеген болып от қызды,
Қасарып қанша күн өтті;
Өлшемек болдым шексізді,
Тежемек болдым жүректі.
Бірақ та сұлу құдіреттің
Тәрк еткен мені бір сәті
Лаулатып отын жүректің,
Таусылды жанның пұрсаты.
Бұғауым мықты-ау бекіген;
Сәл егер қалсам мен үнсіз,
Жындарға марғау зекіген
Даусы ғой хақтың көңілсіз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мөп-мөлдір жанарың жанады

  • 0
  • 0

Мөп-мөлдір жанарың жанады
Аспандай көгілдір
Сүйістей баурап бір барады
Әніңді төгілдір.

Толық

Альбомға

  • 0
  • 0

Назарын жұрттың аударған
Жапанда жалғыз моладай,
Параққа мынау сарғайған
Шыдай алмассың қарамай.

Толық

Кавказдағы таң

  • 0
  • 0

Сыз берді таң - ну орманды бөктерде
Есіледі түнгі тұман көк перде;
Тау етегі мүлгіп үнсіз бусайды;
Су сылдырап, жылқы үйірі жусайды.

Толық

Қарап көріңіз