Өлең, жыр, ақындар

Тағдыр қатал. Әке мен ұл екеуі

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 508
Тағдыр қатал. Әке мен ұл екеуі
Екі жақта жүріп өліп кетеді
Азаматы бола тұрып елінің
Ғұмыр-бақи қуғын көріп өтеді.
Бірақ, әке, сен ісіңді бітірдің,
армансызсың, дәтке қуат шүкір қыл.
Бақытыңды берсін құдай аңсаған,
Сен кім үшін азап тартсаң дәл соған.
Кешір, әке! Мен бе екенмін кінәлы,
Көкірегім құдай жаққан шыраны
Өшіруге ұмтылса жұрт қуанып?
Ол ойлары іске аспады — бұ да анық:
біз екеуміз жауықпадық күнә ғып,
бір тағдырдың құрбандығы болсақ та!
Кінәң бар ма, жоқ па сенің, мен сотқа
Жарамаймын, сені қауым соттаған.
Қауым кімдер? Не тілекші, не жауыз
адамдардың тобыры ол, жел-ауыз
жиынтығы өсек, ғайбат, даттаудың,
Не көлгірсіп өп-өтірік мақтаудың.
Рухы жоқ онда жұмақ, тамұқтың,
Жерді ұмыттың, жер де сені ұмытты,
Менен гөрі саған ерек қонды бақ
алдың ашық - мәңгілік қой ол, бірақ,
Өлшеуші жоқ бір тұңғиық ашылды;
Өкінішті ой шырмамай ма басыңды,
Өткенді ойлап көздің жасын көл еткен?
Қырсық кешіп, бақытынан дәме еткен,
Шынымен-ақ ұмыттың ба сен бәрін,
бір кезде үміт, арманыңның болғанын?
Осы ма еді біржолата сөнгенің?
Енді шын-ақ сүймейсің бе сен мені?
О, ендеше, жұмақ-аспан ақ-ала
Итшілеген өмірімнен садаға!
Көрмес-ақпын аспан барып қайта өмір,
Өйткені мен сүйе аламын әйтеуір.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Теректің сыйлықтары

  • 0
  • 0

Тауды да, тасты да жентектеп,
Дуылдап ұлып, өкіріп,
Долдана жылап өр тентек,
Ағады Терек жөңкіліп.

Толық

Альбомға

  • 0
  • 0

Жоқ! Тілемен мүсіркеуді,
Қам көңілдің сандырағын.
Көптен жабық мүскін кеудем
Ашық сөзден қалды жаным.

Толық

Көрші

  • 0
  • 0

Кім болсаң ол бол, қайғылы көршім,
Сүйемін сені жас күнгі досым,
Жайы бір жақын жолдасым көріп.
Ойыншық етіп оспадар тағдыр,

Толық

Қарап көріңіз