Өлең, жыр, ақындар

Ұялшақсың қандай өзің

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 365
1
Ұялшақсың қандай өзің,
Құш, жас жігіт, мені құш!
Етесің сен қайтіп төзім;
Көрдің бе әйел сен тұңғыш?
Жүрексініп жатырсың сен,
Қойным ыстық, құшағым кең.
Қишы маған ләззат сәтін,
Шыдамайды менің дәтім!

2
Күтіп сені екі көзім,
Үңілуші ем терезеге.
Келуші едің жалғыз өзің,
Көңлім алаң болған кезде.
Күмістей ай шашып нұрын,
Түсіруші ед сәуле қырын.
Аспандағы ай күндес маған,
Мақтанушы ем деп бір саған.

3
Ғайбаттықтан қайнап сорым,
Жүзіқара мен болдым көпке.
Жер бетінде әйел жолын,
Масқаралау әділет пе?
Сен, күнәсыз жоқ әйелдер,
Келсе орайы еркін билер.
Бірдің көңлін, көптің көңлін
Жықпауға олар салар өмірін.

4
Асырады кемпір өгей,
Бұйырмады сауық-сайран;
Қызықтың мен қамын жемей,
Қалды адыра қайран көркім.
Болды маған тағдыр қатты,
Он бес жаста ерге сатты.
Ішқұстыға таба алмай ем,
Көз жасыма жалындым мен.

5
Аймалайын сені сүйіп,
Бетте ашылған абырой жоқ,
Тіршіліктің қамын тыйып,
Сүйші, жаным, қожайын боп!
Құшағыңмен сығып жібер,
Ләззаттан жалмасын жер.
Махаббатқа не шара бар,
Болшы маған бір-ақ күн жар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлттар

  • 0
  • 0

Көгілдір бұлттар, көшпелі бұлттар жөңкілген;
Мен құсап сен де айрылып, байғұс, еркіңнен,
Теріскей жақтың қалдырып көкшіл даласын,
Моншақтай шұбап күнгейге тартып барасың.

Толық

Ән

  • 0
  • 0

Сабағын жапырақ сабалар
Дауыл алдында:
Сорлы жүрек өрекпір
Сорға батарда.

Толық

Д-ға арналған шумақтар

  • 0
  • 0

Атыңды қайтып жазармын,
Айтуға да жоқ шамам.
Жүректің тылсым азабын
Сол есім ғой қостаған, 

Толық

Қарап көріңіз