Өлең, жыр, ақындар

...ға

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 402
Қайтесің лайлап көңілді,
Өткеннің қозғап барлығын;
Онымен маған соғұрлы
Артылмас ынтызарлығың.
Ұққан соң шын сүйгеніңді
Меселіңді, әсте, қайтарман;
Мен кешкен түнек өмірдің
Бар сырын ашып айта алман.
Жөн болмас, өзің сыйлаған
Киелі бақты тепкенім,
Айтарға дәт жоқ, мен саған
Тең емен мүлде, деп, тегі;
Жүрекке қымбат сан асыл
Бұл күнде у боп көрінбек,
Қастерлер қайғы-наласын,
Жансерік, бауыр, барым деп.
Бір жылы лебіз білдірсең
Өміріңді қи деп қина сен;
Өткенді қозғап күйдірсең
Бос әуре - оны қимас ем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Олар сүйді бірін-бірі сонша нәзік, әрі ұзақ

  • 0
  • 0

Олар сүйді бірін-бірі сонша нәзік, әрі ұзақ,
Жүректерде құштарлықтың қара дерті азынап,
Бірақ соны мойындауға жауласардай сескенді,
Сондықтан да махаббаттан беріспеді еш белгі.

Толық

...ға

  • 0
  • 0

"Хат жазуға батылдандым, кеше гөр,
Қолда - қалам, қарсы алдымда - қабірім.
О тарапта не бар екен? - десе егер –
Бәрі қапас, бәрі тылсым, бәрі құм.

Толық

Эпитафия

  • 0
  • 0

Азаттықтың аусар ұлы –
Бас тігетін сезім десе;
Табиғаттың наушалығын
Қайталаған кезі кеше.

Толық

Қарап көріңіз