Өлең, жыр, ақындар

Палестина бұтағы

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 397
Жә, Палестина бұтағы,
Қай жерде гүлдеп кең өстің?
Қай жазық пенен ондағы
Көркі едің қандай дөңестің?
Суы мен мөлдір Иорданның
Шығыстың нұры өпті ме?
Түнінде таулы Ливанның
Тентек жел тербеп өтті ме?
Солимнің кедей әулеті
Жапырағыңды өріп бағалы,
Ескіше бәлкім әндетті,
Күбірлегі әлде - дұғаны?
Сол құрма әлі сол жерде
Жапырағын жайып басына,
Жолаушы жанды шөлдер деп,
Шақыра ма екен қасына?
Не ол да сендей алыста
Үзіліп үміт дәмесі,
Жат жерде сөлін жаныштап
Жатқан да шығар денесі...
Құдайдың, айтшы, қай құлы
Әкелген сені бұл жаққа?
Көз жасын оның қайғылы.
Қалдың ба сақтап ұзаққа?
Әлде ол хақтың әскері
Жүзіне қайғы жұқпаған?
Күнәсіз сендей жас па еді,
Жақ еткен ием жұртты оған?
Парызға іштей ізет қып,
Жез құдай алдын мұндағы
Етене тұрсың күзетіп,
Ерусалим бұтағы.
Крес пен кивот көгілдір
Киелі күңгірт нұр шалған.
Жан-жағың, үстің көңілді
Жиһазбен жым-жырт қоршалған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Эпитафия

  • 0
  • 0

Азаттықтың аусар ұлы –
Бас тігетін сезім десе;
Табиғаттың наушалығын
Қайталаған кезі кеше.

Толық

Ерік

  • 0
  • 0

Тағдыр - менің туған әкем.
Ащы қайғы - абзал анам,
Ағаларым құшағыма
Жоламайды, болса да адам;

Толық

Жауап

  • 0
  • 0

Кімде-кім тартып азапты,
Жасытса жастық жігерін,
Қорқыныш, үміт ләззаты
Тебірентпес оның жүрегін.

Толық

Қарап көріңіз