Өлең, жыр, ақындар

Пайғамбар

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 637
Керемет дарып ізгі сый Алладан
Көреген пайғамбарлық қонған маған, -
Сол кезден байқап келем жұрт көзімен,
Қастық пен күнә сырды бұлдыраған.
Ақиқат пен махаббат наздары мен
Айналама жар салып уағыздап ем:
Есірді де естіген жақындарым,
Тас лақтырды өзіме, ызаменен.
Басыма құл септім де, бетті басып,
Қаладан мүскін болып кеттім қашып.
Жапанда жүрмін міне, жетім құстай,
Тәңірдің ырзығынан тауып нәсіп.
Алланың әміріне басын иіп,
Бағынды жан-жануар сөзіне ұйып.
Масайрап сәулесімен жұлдыздар да
Тыңдайды әуенімді көкте биік.
Ал, сонау шулы жұрттың қаласына,
Бара қап өткенімде кейде асыға,
Шалдары, келемеждеп, мысқылдайды,
Мазақтап мен сорлыны баласына!
"Қараңдар, сабақ болсын, бұл сендерге,
Біздермен сыйыспады менмен кеуде.
Ақымақ, Алла сөзі айтқаным деп,
Біздерді сендірем деп болды әуре.
"Балалар, қараңдаршы сүреңіне,
Құр сүлде, аштық, қайғы реңінде.
Жалаңаш, жұрдай өзі, неткен пақыр,
Күллі жұрт жек көреді мұны мүлде!"



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күзгі күн көзі

  • 0
  • 0

Жел тербеген ағаштарға,
Дымқыл, бусаң қара жерге
Бұлт пен тұман арасынан
Бозғылт, жансыз нұрын шашқан

Толық

Олар сүйді бірін-бірі сонша нәзік, әрі ұзақ

  • 0
  • 0

Олар сүйді бірін-бірі сонша нәзік, әрі ұзақ,
Жүректерде құштарлықтың қара дерті азынап,
Бірақ соны мойындауға жауласардай сескенді,
Сондықтан да махаббаттан беріспеді еш белгі.

Толық

Эпитафия

  • 0
  • 0

Бақыл бол! Енді күн қайда
Көрісер бізге? Десе де,
Махшарда қауыстырғай да...
Кім білсін! Өзің кеше гөр!

Толық

Қарап көріңіз