Өлең, жыр, ақындар

Күзгі күн көзі

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 576
Жел тербеген ағаштарға,
Дымқыл, бусаң қара жерге
Бұлт пен тұман арасынан
Бозғылт, жансыз нұрын шашқан
Күздің күнін жақсы көрем.
Жақсы көрем, себебі, оның
Батардағы жанарында
Тұрлауы жоқ махаббаттың
Тылсым нұрын еске салар
Бір пәле бар; рас, ол күн
Оншама тым салқын да емес,
Бірақ мынау табиғатқа,
Сезгіш, көргіш тіршілікке
Одан жылу тарамайды.
Жүрек те сол: сөнбейді оты,
Бірақ та жұрт ұқпағасын,
Көзде қайта жанбас ол от,
Жалын болып шықпас бетке.
Қайтсін жүрек екі мәрте
Елге мазақ, күмән болып?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оба

  • 0
  • 0

Сонау жылы қара жердің беті қан,
адам біткен ажал-селде жүргенде
достығынан айнымапты екі жан –
шын сезімді өлім - жау да үзген бе.

Толық

Ақталу

  • 0
  • 0

Атыңды сенің аяулы
Жүретін айтып ескеріп,
Адасқан көңіл-қаяулы
Кетсем тастап естелік,

Толық

Рембрандт картинасына

  • 0
  • 0

Түсіндің сен,
О жабырқау данышпан,
Ұйқылы-ояу сол бір өмір зар-мұңын,
Іңкәрлікті

Толық

Қарап көріңіз