Өлең, жыр, ақындар

Ақталу

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 483
Атыңды сенің аяулы
Жүретін айтып ескеріп,
Адасқан көңіл-қаяулы
Кетсем тастап естелік,
Жария қылып көп жұртқа,
Қара жердің астында
Қалса сосын мәңгі ұйықтап
Қайран жүрек, тасқынға
Ұқсап аққан қаны бар,
Сол жүректе ғаламат,
Майдандасқан шағы бар
Махаббат пен ғадауат.
Алаңсыз, кірсіз сүйгенің
Күнә боп көпке көрінсе.
Амалсыз басты игенің –
Ұяттан жасың төгілсе.
Жазықсыз жап-жас күніңді
Күнәға сонша батырған,
Қылмыскер мендей құлыңды
Кеше гөр сонда, асыл жан!
Жазғыру естіп бұл жұрттан,
Жалғыздық батып, қам жесең
Қасіретім қалың, сондықтан
Кешуге хақым бар де сен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өкініш

  • 0
  • 0

Бекерге бүліне берме сен,
Тағдыр ма бөлген іргені?
Шығарда жаны бірге еді,
Өзіңнен өзің көрмесең.

Толық

Жалықтым ғой, жабықтым ғой, медеу болар жан

  • 0
  • 0

Жалықтым ғой, жабықтым ғой, медеу болар жан
бар ма
Шыбын жаның шырқыраған шағында?..
Арман дейміз... ылғи бекер ергеннен не арманға?..

Толық

Палестина бұтағы

  • 0
  • 0

Жә, Палестина бұтағы,
Қай жерде гүлдеп кең өстің?
Қай жазық пенен ондағы
Көркі едің қандай дөңестің?

Толық

Қарап көріңіз