Өлең, жыр, ақындар

Рембрандт картинасына

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 236
Түсіндің сен,
О жабырқау данышпан,
Ұйқылы-ояу сол бір өмір зар-мұңын,
Іңкәрлікті
Тағат күшін тауысқан,
Байрон айтқан ақиқаттың барлығын.
Көз алдымда - жұмбақтау бір жүз-әлпет
Адастырған айтар ойдың түйінін.
Атышулы қашқын ба екен бұл әлде
Киіп алған әулиенің киімін.
Бәлкім оның құпия бір қылмысы
Ақыл-ойын жаншыды ма қамауға ап.
Тас түнекте зарығумен тұр мүсін
Жанарыңда паңдық оты алаулап.
Бәлкім бұның -
табиғаттан сезгенің
Бұл емес-ті мұрат тұтып шығар шың!
Әлде бәлкім
Азап шеккен кездегі
Өзіңді сен бейнелеген шығарсың.
Бұл құпия жұмбақ болып талайға,
Ойсыз көздер өте берер түсінбей.
Осынау бір тылсым еңбек қалайда
Қатыгезге қатал жаза, үкімдей.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еврей сазы

  • 0
  • 0

Көргем кейде түнде жұлдыз жарқырап,
Шағылғанын суы мөлдір шығанға.
Дір-дір етіп, күміс толқын шашырап,
Жалт береді сол жұлдыздан қиянға.

Толық

...ға

  • 0
  • 0

Сол бір досың түсіп күйкі сезімге.
Бар үмітін саған артқан кезінде,
Қаперіңе сонда түк те кірмеді-ау,
Үрейлі өлім тұрғандығы көзінде

Толық

Көрші

  • 0
  • 0

Соңғы шапақ көкте семіп барады,
Іңір түсіп, жұлдыздан нұр тарады;
Байғұс көршім неғып жатыр үйінде? –
Білейін деп жай-жағдайын бүгін де,

Толық

Қарап көріңіз