Өлең, жыр, ақындар

Көрші

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 499
Соңғы шапақ көкте семіп барады,
Іңір түсіп, жұлдыздан нұр тарады;
Байғұс көршім неғып жатыр үйінде? –
Білейін деп жай-жағдайын бүгін де,
Сығаласам бақшадағы талдардан
Сығырайып бөлмесінде шам жанған;
Арман да жоқ, сайран да жоқ ол үшін,
Жан-тәніммен жақсы көрем сол үшін.
Өткен-кеткен не демейді ол жайлы,
Айтпайтыны, тақпайтыны болмайды,
Жұртты қайтсін, көреді ол өз күнін
Біледі өзі шам жағатын мезгілін.
Көрсем болды шамның күнде самалын,
Мен де жайлап тереземе барамын,
Сонда мені тылсым шабыт тербейді,
Көкірегімді дауыл ұйтқып кернейді.
Ол сорлы да сезетіндей сырымды,
Бастан кешкен бүгінгі мен бұрынғы;
Бір қайғыдан бірге жүдеп солғасын,
Көрем оны көптен таныс жолдасым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тілек

  • 0
  • 0

Шіркін дүние-ай, кұс емеспін неге мен,
Жаңа ғана ұшып өткен төбеден?
Неге ғана самғамаймын аспанда,
Азаттықты аңсап кілең жас жанға?

Толық

Періште

  • 0
  • 0

Періште жарым түнде қақты қанат,
Тамылжып баяу жыры көкке тарап;
Осынау әулие үнді тыңдай қалды
Ай, жұлдыз самсап, қалың бұлт анталап.

Толық

...ға

  • 0
  • 0

Көркіңмен көзім тартып арбамашы!
Жанымның күші қайтып, жалыны өшкен.
Дариға! Басқа қыздың көз қарасы
Қанша жыл қарайлатып, тандырды естен!

Толық

Қарап көріңіз