Өлең, жыр, ақындар

Тілек

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 476
Шіркін дүние-ай, кұс емеспін неге мен,
Жаңа ғана ұшып өткен төбеден?
Неге ғана самғамаймын аспанда,
Азаттықты аңсап кілең жас жанға?
Күнбатысқа, күнбатысқа кетер ем,
Атамекен көгалына жетер ем,
Қонар едім көк жұпар тау басына,
Бабаларым бейітінің қасына.
Қабырғада - қаһарманын жоқтасып,
Сауыт-семсер тұрған шығар тот басып,
Үстерінен қалқып ұшып өтер ем,
Қанатыммен шаңын сүртіп кетер ем.
Арфа шегін шерткенімде бір-бірлеп,
Шотландия күмбездері күмбірлеп,
Өзі тыңдап, өзі ғана оянып,
Бір күңгірлеп, кетер еді-ау жоғалып.
Құр тілек қой, бос арман ғой қаңғырған,
Опа қайда озбыр мына тағдырдан.
Туған жермен арамызда аһ ұрып,
Теңіз жатыр толқындарын сапырып.
Батырлардың соңғы ұрпағы омалып,
Жат өлкенің жатыр қарын оранып.
Тудым мұнда, онда барып өлер ем...
Шіркін дүние-ай! Құс емеспін неге мен?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара көз

  • 0
  • 0

Көп қой жазғы түн жұлдызы,
Сенде неге екеу-ақ.
Оңтүстіктің қара көзі,
Кездестік-ау бекер-ақ.

Толық

Теңіз ханшасы

  • 0
  • 0

Теңізде ат шомылтқан бір ханзада
Естіді үн: "Ей, ханзада! Маған қара!"
Ат осқырып, құлағын шүйіреді,
Тулай жүзіп ілгері шүйіледі.

Толық

Жалғыздық

  • 0
  • 0

Жалғыздық деген сор екен
Тигенде тұрмыс соққысы,
Қуанышқа ортақ кеп екен,
Қайғыға ортақ жоқ кісі.

Толық

Қарап көріңіз