Өлең, жыр, ақындар

Теңіз ханшасы

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 392
Теңізде ат шомылтқан бір ханзада
Естіді үн: "Ей, ханзада! Маған қара!"
Ат осқырып, құлағын шүйіреді,
Тулай жүзіп ілгері шүйіледі.
Естілді ханзадаға: "Хан қызымын,
Көрсеңші хан қызының түн қызығын?"
Міне енді сопаң етті қолы судан,
Шап берді жібек жүген шылбырынан.
Махаббат көкшіл көзде тұтады өрттей, -
Мойнында су тамшылап меруерттей.
«Қандай жақсы» — ой келіп хан ұлына
Шап берді жас ханшаның бұрымына.
Босатпай қатты ұстайды қарулы қол:
Жылайды, жалынады, жұлқынады ол.
Жас батыр жағалауға шығарды алып,..
Шақырды жолдастарын айқай салып.
"Ей, достар! Өрен достар, бері келіңдер!
Олжаның бұлқынысын тез көріңдер...
Таңырқап тұруларың ол қай тұру?
Ешқашан көрмеп пе еңдер мұндай сұлу?"
Артына жалт қарады жас ханзада:
Шаттығы ғайып болды. Бұл не жаза?
Көрді оны: алтын құмда жатыр сұлық –
Теңіздің кереметі алтын құйрық.
Құйрығы жамылыпты алтын қабық,
Иіріліп дірілдейді, қалшыл қағып.
Ағады маңдайынан азап көбік,
Көздерін жауып сапты өлім жеңіп.
Сұрықсыз қолдарымен қармап құмды,
Күбірлеп кінәлайды әлдекімді.
Ханзада ойға шомып кетеді аулақ,
Теңіздің жас ханшасын есіне аулап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түс

  • 0
  • 0

Жатырмын Дағыстанның аңғарында,
Кеудемде шықпаған сол жан барында.
Езеді қорғасын ой, жаным жара,
Амалым әлі менің дағдаруда.

Толық

Палестина бұтағы

  • 0
  • 0

Жә, Палестина бұтағы,
Қай жерде гүлдеп кең өстің?
Қай жазық пенен ондағы
Көркі едің қандай дөңестің?

Толық

Жыла, жыла! Израиль жұрты енді

  • 0
  • 0

Жыла, жыла! Израиль жұрты енді,
Жұлдызыңды жоғалтып;
Жер шеті түнек бүркенді –
Жанбайды қайта ол қайтып:

Толық

Қарап көріңіз