Өлең, жыр, ақындар

Жастыққа сағыныш

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 393
Бойыңа қулық жұқпаған —
Аңғалдау ғана адаммын.
Бұралқы ойлар ықтаған
Обадай, жалғыз, жаһанның.
Сезімнің шолып айдынын,
Жырақта қалса қайғы, мұң.
Анаша тартқан аурудай —
Жұмақтай сол кез жай күнің.
Қайдасың жерік-жүрегім —
Сағыныш сазы тұнатын?
Арманда еді тірегім,
Асқарда еді мұратым!
Сағындым тұнық-сезімім —
Әлемге сүйе қараған.
Шуағы мұңсыз көзіңнің
Мейір боп қана тараған.
Іздеймін жоқшым-сағыныш
Махаббат маған шақырған.
Қиялға елес табынтып,
Дәметкен достық пақырдан.
Жоғалдың қайда сенім, сен?
Құшақты досқа толтырған.
Бұ күнде іздеп емінсем
Бірі жоқ, бірі антұрған.
Ағыңнан неге жарылдың,
Аңсайсың нені қағынған?
Сәттерді неге сағындың,
Ойларға нәрсіз табынған?
Алжыма қартым, ой төгіп,
Аздау ғой асыл шашарға.
Тереңдеп кетсе шымырау
Тұнықтау нәрі қашанда.
Пайдасыз деме сандықты —
Болмаса кілті ашарға
Жыр менен атқан таң — құтты,
Маржанын маңға шашарда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жыр жазайын адалға аузым толып

  • 0
  • 0

Нан жоқ. Аштық. Аштардың қарны ашады.
Май бар. Бал жоқ — тоғышар зарлар шағы.
Тауып берші, етегі жасқа толып,
Сұрар, жылар, көз жасы парлар тағы.

Толық

Бейбіт қажы, Бейбіт бей, Бейбіт мырза

  • 0
  • 0

Болашақты Жәннәтқа айналдыра,
Алла жолы — һидаәйат, майдан құра,
Бейбіт қажы, Бейбіт бей, Бейбіт мырза,
Сонша ғылым жиды екен қайдан, сірә?

Толық

Иоганн Штраус

  • 0
  • 0

Суырылып суыртпақ боп сезімдерім,
Тәнімнің сездім сазбен езілгенін.
"Голубой Дунай" вальсі Штраус —
Қонақ боп қайтқан көкке кезім менің.

Толық

Қарап көріңіз