Өлең, жыр, ақындар

Қатыгездер қайдан шықты, ағайын?

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 420
Қатыгездер қайдан шықты, ағайын? —
Толып кетті оңым, солым, маңайым.
Ес жиғанша басып кетті арам шөп,
Тағы тарттық бейғамдықтың сазайын.
Қарындасым, әжелердің көзі едің,
Айтшы жаным бұған қалай төземін —
Қандай ана, алпыс тамыр исініп,
Еміреніп емізбесе бөбегін.
Жылдар бойы ата-анасын көрмеген,
Саяқ жүрген, араласпай елменен —
Қара бастың қамын жеген жандар бар,
Өзі тірі, ал сезімін жерлеген.
Бір ошақтан, бір кіндіктен төл деген,
Бауырына ара түсіп көрмеген —
Жалқылардың жан жүрегін қинамас,
Сағыныштан туатұғын шел деген.
Жорықтағы сағынбаған ағасын,
Үлкенінен тартпай кіші сазасын —
Ынтымақтық қайдан, қалай келеді,
Бөліп ішпей өзі тоймас аз асын.
Қатыгездер қайдан, қалай келеді?
Ата ұрпақ өз қолымен егеді.
Кінә бізде, бірақ түсін ойымды,
Жас буыным — содан сақ бол , дегелі.

10.07.1990



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төрт мезгіл

  • 0
  • 0

Қыс қорқытса сездіріп ызғар барын,
Қысылмайды жап-жас боп көктем — дарын.
Жағып жатыр көк бояу оңды-солды,
Ол өнерде танытты өктем барын.

Толық

Алғашқы махаббат

  • 0
  • 0

Сағынамын, алғашқым, өзіңді тек,
Өткен күндер жұқартты төзімді жеп.
Тағдыр сызған жазмышқа бағындық та,
Өмір сүрдік, амалсыз, сезім тежеп.

Толық

Шүкіршілік

  • 0
  • 0

Алда талай арман бар — сағым-сонар.
Інілер бар аға дер, бағым солар.
Ата дейді, көпшілік, бұ күндерде,
Төрден орын береді, тағым болар.

Толық

Қарап көріңіз