Өлең, жыр, ақындар

Төрт мезгіл

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1764
Көктем
Қыс қорқытса сездіріп ызғар барын,
Қысылмайды жап-жас боп көктем — дарын.
Жағып жатыр көк бояу оңды-солды,
Ол өнерде танытты өктем барын.

Жаз
Жадыратар жаз бәрін бірте-бірте
Жапырақты сарғайтар өңін сүрте.
Көк бояулар өзгеріп көп бояуға,
Гүл жеміске айналар өмір сүрсе.

Күз
Жаңбыр сыбап, осы кез жерге сіңбей,
Ойға тартар жыршының термесіндей.
Екі дарын еңбегін іліп жатыр,
Көк бояумен көп бояу көрмесі.

Қыс
Ей дарындар! Шырқа, тек құлап түспе,
Сақ бола көр, сенбеші, шырақ, күшке.
Суретті жек көрер діндәр қарттар,
Бояп шығар бір түнде, бір ақ түске.

Семей. 14.04.1995 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сырласу

  • 0
  • 0

Тұрпайылау болғанмен түрім менің
Түсінсейші, жан досым, жаным нәзік.
Сенің маған наз айтар бар ма жөнің,
Айтқызбай-ақ жүрекпен тұрам сезіп.

Толық

Сұрақтар

  • 0
  • 0

Ағайынды жақтағанда не таптым —
Шатағын шыдай берген төзім бе?
Достар сені мақтағанда не таптым —
Суып тынған ақырында сезім бе?

Толық

Біз екеуміз

  • 0
  • 0

Пейілім менің!
Мен мақтанамын сенімен!
Аллаға шүкір!, кездескен олар теңімен!
Ешқашан, ешбір ұялтқан жоқсың

Толық

Қарап көріңіз